СҚО аудандарына заманауи 7 өрт сөндiру көлiгi жiберiледi

СҚО аудандарына заманауи 7 өрт сөндiру көлiгi жiберiледi

Облыс әкiмдiгiнiң отырысында жылу беру маусымындағы өрт қауiпсiздiгi мәселесi талқыланды.

Төрт жыл iшiнде Солтүстiк Қазақстан облысы 29 бiрлiк өрт сөндiру техникасын алды. Биыл 8 заманауи техника алынып, оның 7-i аудандарға жөнелтiледi. Осындай бiр машина екi көлiкты ауыстыра алады.

Ауылдық жерлерде 42 өрт сөндiру бекеттерi құрылды, олар шалғай елдi мекендерде шоғырланған.

Айта кету керек, жеке үйлердiң орнына жаңа тұрғын үй кешендерi пайда болған шағын аудандарда өрт саны айтарлықтай азайған. Мәселен, «Жас Өркен» шағын ауданында 5 жыл iшiнде өрт саны 2,5 есеге азайған.

Аймақ басшысы өрттердiң жиi шығуына газ құбырының дұрыс жұмыс iстемеуi себеп болатынына назар аударды. Бұған мысал ретiнде өткен қыста Петропавлдағы жатақханалардың бiрiнде болған жарылысты келтiруге болады. Осы жағдайдан кейiн газдандыруға жататын барлық үйлер тексерiлдi. Тиiстi жөндеу жұмыстары жүргiзiледi.

«Қоғамдық тамақтану орындарында газ баллондарын пайдаланатын кәсiпкерлердi қадағалау қажет. Тәртiп бұзушыларға айыппұл салынуы керек. Төтенше жағдайларға жол бермеу керек. Өрт қауiпсiздiгiнiң қарапайым ережелерiн сақтау туралы көбiрек түсiндiрiп, айту керек. Адамдардың өмiрiне ештеңе қауiп төндiрмеуi керек», — деп түйiндедi сөзiн Құмар Ақсақалов.