СҚО әкiмi онлайн қабылдауда үш тұрғынның өтiнiшiн тыңдады

СҚО әкiмi онлайн қабылдауда үш тұрғынның өтiнiшiн тыңдады

Апта сайын облыс әкiмi Құмар Ақсақалов азаматтарды онлайн қабылдау жүргiзедi. Мұндай кездесулер солтүстiкқазақстандықтардың мәселелерiн шешуге бағытталған. Қабылдау барысында өңiр басшысына үш адам жүгiндi.

Дамир Мамедов өз кәсiбiндегi мәселелерге тоқталды. Ер адам оған Жұмабаев көшесiнiң бойындағы жолдың жөнделуi және соның салдарынан көлiк тұрағы мәселеге айналды. Облыс әкiмi энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшылығына нысанға барып, жағдайдан шығудың оңтайлы жолын табуды тапсырды.

Бұдан кейiн Ерiк Таттыбаев сөз сөйлеп, ауған соғысының ардагерлерiне бiр жолғы төлемдi көбейтудi сұрады. Құмар Ақсақалов бұл мәселенi қарауды тапсырды. Екiншi мәселе — ардагерлердi пәтермен қамтамасыз ету. Қазiргi уақытта ерекше санаттағы азаматтар үшiн алты көпқабатты тұрғын үй салынуда. Орналастыру кезек бойынша бөлiнедi.

Суға қатысты соңғы сауалды Ақжар ауданы Ұялы ауылының тұрғыны Зайра Ғазизова қойды. Құмар Ақсақалов Ақжар ауданының әкiмiне осы ауылдың мәселесiн шешудi тапсырды.