СҚО әкімі меншік иелері бірлестігінің оң тұстарын атап өтті

СҚО әкімі меншік иелері бірлестігінің оң тұстарын атап өтті

Меншік иелерінің бірлестігі - тұрғындар арасындағы өзара іс-қимылдың ең заманауи форматы.

Жаңа тәсілдің негізгі қағидасы – «бір үй – бір бірлестік». Енді меншік иелері бірлестік төрағасының жұмысын бақылап, өзекті мәселелерді жүйелі түрде талқылайтын болады. Үйдің кез келген тұрғыны төраға бола алады. Бұл формат меншікке жауапкершілікпен қарап, үйлерді сақтауға және жақсартуға мүмкіндік береді.

«Қазір бір шот бойынша техникалық қызмет көрсету, жөндеу және қаржылық басқару мәселелерін дербес реттеуге мүмкіндік бар. Бюджеттің жұмсалуы ашық болды. Сондай-ақ үй иелері енді үйдің қасбеттерін жөндеуде көмекке жүгіне алады», - деп түйіндеді Құмар Ақсақалов.