СҚО әкiмiнiң онлайн қабылдауына 4 солтүстiкқазақстандық жазылды

СҚО әкiмiнiң онлайн қабылдауына 4 солтүстiкқазақстандық жазылды

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнде Құмар Ақсақалов азаматтарды онлайн қабылдау өткiздi. Бүгiн өңiр басшысына төрт облыс тұрғыны жүгiндi. Инеш Бейсембаева «Солнечный» шағын ауданын абаттандыру туралы айтты. Тұрғындар жарықтандыру, автобустардың жүруi, электр жарығы мен қысқы жол жөндеу мәселесiн көтердi. Құмар Ақсақалов Петропавл қаласының әкiмi Болат Жұмабековке аталған мәселелердiң әрқайсысын ретке келтiрудi тапсырды. Айта кетерлiгi, жоғарыда аталған мәселелердi шешу алдағы жылдың жұмыс жоспарына енген.

Бұдан кейiн облыс басшысына Бескөл тұрғыны Анастасия Саратовцева шағымын айтты. Оның айтуынша, бiрнеше көпқабатты үйлерде жылу мәселесi бар. Мәселенi шешу Қызылжар ауданының әкiмiне жүктелдi.

Уәлиханов ауданының тұрғыны Нұрмахан Смағұловтың 5 сұрағы болды: мүгедекке баспана бөлу, медициналық кадрлардың тапшылығы, «Кiшкенекөл-Петропавл» автобусының болмауы, бруцеллезге шалдыққан малға өтемақы төленбеу. Алғашқы 4 сауалды шешу Уәлиханов ауданының әкiмiне жүктелдi. Соңғы сұрақ бойынша жан-жақты талдау жүргiзiлiп, жауаптылар анықталмақ.

Дина Қарымқасақова Солтүстiк Қазақстанға дәрiгер болып жұмыс iстеу үшiн келген. Алайда ол көтерме ақы ала алмаған. Жұмысқа орналастыру мәселесi денсаулық сақтау басқармасына жүктелдi.