СҚО әкімі аталар мен әжелерге үндеу жасады

СҚО әкімі аталар мен әжелерге үндеу жасады

Қазір облыстағы жағдай күрделі. Күніне жүздеген адам вирус жұқтыруда. Науқастардың барлығы — екпе алмаған азаматтар. Өңірде бүгінде 120 мың адам екпе алмаған.

Зейнеткерлердің тек 20% ғана вакцина қойдырған. Тиісінше, ауруханалардағы науқастардың да көпшілігі — қарт адамдар. Сол себепті, балалар ата-аналарына қамқорлық жасауы керек, оларға вакцина туралы дұрыс ақпаратты жеткізу қажет.

«Мен вакцина алмаған 120 мың адамның арасында саналы да жауапты азаматтар бар екеніне сенемін. Мен де, отбасым да екпе алды. Бұл қауіпсіз және тиімді. Менің сөздерімді вакцина алған 250 мың солтүстікқазақстандық растай алады», — деді Құмар Ақсақалов.