
Азаматтарды онлайн қабылдау барысында Құмар Ақсақаловқа Солтүстiк Қазақстан облысының бiрнеше тұрғыны хабарласты. Сауалдар басқарма басшыларымен бiрге қаралып, сараланды. Бермет Мұстафина Жамбыл ауданы Баян ауылындағы жерiнiң тартып алынғанын айтты. Жер аумағы иесiз деп жарияланған екен.
Оралбай Сәкенов тағы бiр жер мәселесiн қозғады. Ер адам осы жылдың басында жер алған. Алайда, оған тиесiлi аумақта бұрынғы иесi заңсыз егiн егiп, кейiн астық орған.
Облыс басшысы екi мәселенi тез арада реттеп, заң аясында шешудi тапсырды.