Бұл жайында әлеуметтiк желiдегi парақшасында СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов жазды.
Президенттiң тапсырмасымен облыста мемлекеттiк спорттық тапсырыс жүзеге асуда. Облыстық бюджеттен 200 млн. теңге бөлiндi. Осы жобаның арқасында балалар спорт секцияларында тегiн жаттығуға мүмкiндiк алды.
Ата-аналарға бiрнеше спорт түрлерi ұсынылады: бокс, дзюдо, каратэ, жүзу, таэквондо, теннис, футбол, көркем гимнастика, еркiн күрес және спорттық би.
«Бүгiнгi таңда 1,6 мың бала тегiн спорт үйiрмелерiне жазылды. Облыс бойынша барлығы 3,2 мың бала ақылы секцияларға барып жүрдi. Олардың барлығын мемлекеттiк спорт тапсырысы аясында тегiн оқуға көшiремiз. Сiз өз балаңызды тегiн спорт секциясына artsport.edu.kz сайты арқылы жаза аласыз», — деп жазды өңiр басшысы.