Солтүстiкте қағаз фабрикасы салынуда

Солтүстiкте қағаз фабрикасы салынуда

Бұл жайында әлеуметтiк желiдегi парақшасында СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов жазды.

«Солтүстiк Қазақстан қағаз өнiмдерiн шығаратын болады. Мемлекеттiң қолдауымен Дмитрий Шарапаев болашағы зор тағы бiр жобаны жүзеге асыруда. Қазiр қағаз өнiмдерi фабрикасының құрылысы жүрiп жатыр. «Радуга» серiктестiгi жаңа өндiрiске арналған ғимаратты қалпына келтiруде. Сэндвич-панелдердi орнату аяқталуға жақын, iшкi қалпына келтiру жұмыстары жүргiзiлуде», — деп жазды өңiр басшысы.⠀

Жаңа фабрикада майлық, санитарлық және кеңсе қағазы өндiрiлмек. Қағаз зауыты жылына 5 мың тонна өнiм шығаратын болады, қазiр тауар сырттан әкелiнедi. 2020 жылы облысқа 8,3 мың тонна қағаз өнiмi сырттан жеткiзiлгенiн ескерсек, жаңа жобаның арқасында импортқа тәуелдiлiк айтарлықтай азаяды.⠀