СҚО әкімінің өңір тұрғындарына үндеуі

СҚО әкімінің өңір тұрғындарына үндеуі

Құрметті солтүстікқазақстандықтар, халық санағының аяқталуына 11 күн қалды. Бүгінде 300 мыңға жуық адам қамтылды, оның ішінде 173 мың тұрғын онлайн форматта өтті. 500 ден астам сұхбат алушы тартылды.

Санақтың аяқталуына көп уақыт қалған жоқ, алайда, санақ қызметкерлері күн сайын өз жұмысында қиындықтарға тап болуда. Кейбір тұрғындар есікті ашпайды, онлайн-санақтың өтуі туралы хабарламаны көрсетпейді.

Сіздердің әрқайсыңыз бұл науқанның маңыздылығын толық түсінуіңіз керек. Халық санағы мемлекеттік басқаруда шешуші рөл атқарады. Ол әр 10 жыл сайын өтеді. Бүгінде бұл әлемнің көптеген мемлекеттерінде елдің бірыңғай портретін жасаудың жалғыз құралы. Ақпарат көзі - халықтың өзі. Елімізде халық санағын өткізу демографиялық және әлеуметтік-экономикалық ақпаратты алуға мүмкіндік береді.

Санақ нәтижелері экономикалық болжауға, әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеуге, құрылыстың және басқа да салалардың даму векторын анықтауға қолданылады. Бір сөзбен айтқанда, мұның бәрі азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін жасалып отыр.

Мен Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарын халық санағына белсенді қатысуға шақырамын. Бүгінде сауда үйлерінің, дүкендердің, мемлекеттік мекемелер мен базарлардың аумағында санақтан өту үшін 88 нүкте ашылған. Санақшылардың үйге келуін күтпей, санақ орнына келіп, мәліметтеріңізді толтыруға шақырамын.

Сіздің науқанға қатысуыңыз отбасыңыз бен балаларыңыздың болашағын айқындайды.