СҚО-да жаңа мектеп ашылды

СҚО-да жаңа мектеп ашылды

«Білім күніне орай балаларға сыйлық. Бүгін Петропавлда 900 оқушыға арналған заманауи мектеп ашылды. Уәлиханов көшесіндегі жаңа білім мекемесі осы шағын аудандағы 3 мектептегі жүктемені азайтып, балалар мен мұғалімдерге қолайлы жағдай туғызады», — деп жазды өңір басшысы.

Жаңа мектептерге сұраныс бар, себебі облыста оқушылар саны жыл сайын көбейіп келеді. Биыл 75 мың бала мектепке барды, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 3 мыңға көп.

«Бұл соңғы жылдары облыста салынған төртінші мектеп. Біз ауылдарда екі мектептің құрылысын бастаймыз. Облыс орталығында 1200 орындық мектеп пен ерекше балаларға арналған мектеп-интернат пайда болады. Жалпы, кешенді жоспар аясында алдағы жылдары 16 жаңа мектеп салу жоспарлануда», — деп жазды Құмар Ақсақалов.

Жаңа мектеп «Орталық» шағын ауданында орналасқан. Бұл шағын ауданның болашағы зор. Ескі және апатты үйлердің орнына жаңа көп қабатты үйлер тұрғызылуда, балабақша салынады. Уәлиханов көшесі кеңейтілуде. 3 мың орындық жаңа спорт сарайы шағын ауданның сәніне айналады. Спорт нысанының жанынан жаңа саябақ ашылады.