Бұл жайында әлеуметтiк желiдегi парақшасында СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов мәлiмдедi.
«Cool Infinity» компаниясы термос вагондарды шығару бойынша маңызды инвестжобаны жүзеге асыруда. 2 жыл iшiнде 60 термос-вагон шығарылды. Жыл басынан берi 82 вагон жасалды. Жыл соңына дейiн тағы 57 вагон құрастырып, өндiрiс көлемiн 5 миллиард теңгеге жеткiзу жоспарлануда. Қазақстанда мұндай кәсiпорынның баламасы жоқ. Вагон құрастырудың негiзгi процестерiн жергiлiктi зауыт жұмысшылары жасайды, локализация деңгейi 70% құрайды.
«Сондай-ақ, зауыт өнiмнiң жаңа түрiн игердi: вагон-рефрижератор. «Дөңгелегi бар үлкен тоңазытқыш» деп атауға болады. Тез бүлiнетiн тағамдарды 21 күнге дейiн сақтауға болады. Смартфон арқылы басқарылатын климаттық бақылауы бар автоматты қондырғы орнатылған. Сұраныс жоғары. Қазақстандық және шетелдiк компаниялар қызығушылық танытуда. Үлкен тапсырысты «Маслодел» компаниясы жасап отыр», — деп жазды өңiр басшысы.
Зауытта қазiр 210 адам жұмыс iстейдi. Жаңа вагон шығару тағы 30 жұмыс орнын ашуға мүмкiндiк бередi.