
Бұл жайында әлеуметтік желідегі парақшасында СҚО әкімі Құмар Ақсақалов жазды.
Облыс орталығында көктемде басталған жөндеу науқаны аяқталуға жақын. Өңір экономикасының дамуы облыстық бюджеттен қала қазынасын толтыруға мүмкіндік береді.
Соңғы 5 жылда облыс орталығының бюджеті 37 миллиардтан 67 миллиард теңгеге дейін өсті, яғни 1,8 есеге ұлғайды. Осының арқасында қаланы абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. 5 жылда абаттандыруға шамамен 7 миллиард теңге бөлінді. Бұл қаражат аулаларды жөндеуге, балалар мен спорт алаңдарын орнатуға, алаңдарды, ақысыз автотұрақтар мен жаяу жүргіншілер жолын жабдықтауға жұмсалды.
«Төрт жыл ішінде қалада 386 аула жөнделді. Биыл олар 60 аула жоспарланды, іс жүзінде 78 аулада жөндеу жүргізілді. 261 жаңа балалар алаңқайына биыл тағы 60 ойын алаңы қосылады. Біз биыл үйлерді жаңғырту бағдарламасын қайта жүзеге асыра бастадық. Қалада 14 көпқабатты үй күрделі жөндеуден өтеді. 8 көпқабатты үйде жаңа лифттер пайда болады», — деп жазды өңір басшысы.