
Бұл жайында әлеуметтiк желiдегi парақшасында СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов мәлiмдедi.
Облыстағы 27 спорт мектебiнде 13 мыңнан астам бала оқиды. Спорт инфрақұрылымы дамып келедi. Өңiрде 3 мың спорттық нысан бар.
Соңғы бiр жылда аудан орталықтарында 2 заманауи спорттық-сауықтыру кешенi ашылды. Тағы 5 спорт орталығының құрылысы жалғасуда. Өткен қыста аудандарда 3 хоккей корты қолданысқа берiлдi. Жыл соңына дейiн тағы 2 хоккей кешенi ашылады. Дарынды жас спортшыларымыз оқитын мектеп-интернат-колледжге арналған жатақхананың құрылысы басталды.
«Президенттiң тапсырмасы бойынша спорттағы мемлекеттiк тапсырыс жобасы жүзеге асырылуда. Бұл ата -аналар мен балалар үшiн керемет жаңалық. Облыста 3 мыңнан астам бала ақылы спорт секцияларында айналысады. Ендi олардың барлығы тегiн секциялармен қамтылатын болады», — деп жазды өңiр басшысы.