СҚО-да сүт зауыты жаңғырту жүргiзiп, жаңа желiлердi iске қосты

СҚО-да сүт зауыты жаңғырту жүргiзiп, жаңа желiлердi iске қосты

Бұл жайында әлеуметтiк желiлердегi парақшасында СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов жазды.

«Маслодел» сүт зауыты 4,8 млрд. теңгеге үлкен жаңғырту жүргiзiп, өндiрiсiн кеңейттi. Бүгiн сүт өнiмдерiн шығаратын жаңа желiлер iске қосылды. Кәсiпорынның қуаттылығы жылына 87 мыңнан 119 мың тоннаға дейiн өстi. Сүт өнiмдерiнiң 15 жаңа түрi шығарылады. Швецияның заманауи «Tetra Pak» қондырғысы орнатылды. Сонымен қатар 85 жаңа жұмыс орны ашылды», — деп жазды өңiр басшысы.

Сүт өндiрiсi — табысты кәсiп көзi, ауыл тұрғындарын жыл бойына жұмыспен қамтамасыз етедi. 5 жылда облыстың сүт шаруашылығында 400-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылды. Жыл сайын бюджетке 500 миллион теңгеден астам салық түседi.⠀

«Облыста сүттi қайта өңдеу саласы дамып келедi. Өткен жылы облыс 600 мың тоннаға жуық сүт өндiрдi. Бес жылда сүттi өңдеу үлесi 34%-тен 53%-ке, немесе 180 мыңнан 319 мың тоннаға дейiн өстi. Бiздiң сүт зауыттары үнемi шикiзатпен қамтамасыз етiлген. Қазiрдiң өзiнде 12 сүт фермасы ашылды. Тағы 16 сүт кешенi салынуда, 10-ы жыл соңына дейiн iске қосылады», — деп жазды СҚО әкiмi.