
«Қымбатты ақ халатты абзал жандарды медицина қызметкерiнiң күнiмен шын жүректен құттықтаймын. Былтыр пандемияға байланысты дәрiгерлердi кәсiби мерекемен құттықтай алмадық. Медицина қызметкерлерi күн-түн демей жаман аурумен күрестi. Көрiнбейтiн жаумен болған соғыста дәрiгерлер бiздiң қорғаушыларымыз болды. Қаншама адамның өмiрi сақталды, бұл үлкен ерлiк және жоғары кәсiбилiк. Сiздерге мықты денсаулық, адамдардың iлтипатын және отбасылық береке тiлеймiн», — деп жазды СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов әлеуметтiк желiдегi парақшасында.