
«Облыста майлы дақылдарды өңдейтiн зауыттың құрылысы басталды. Жаңа кәсiпорын жылына 370 мың тонна майлы дақылдарды өңдей алады. «Маслодел» серiктестiгi 15 миллиард теңге инвестиция құяды. 200-ден астам тұрақты жұмыс орны құрылады», — деп жазды СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов әлеуметтiк желiдегi парақшасында.⠀
Май зауыты шикiзатпен қамтамасыз етiледi, өйткенi облыс майлы дақылдар өндiрiсi бойынша республикада көш басында. Жыл сайын 1 миллион гектар аумаққа егiледi — бұл республикадағы барлық алқаптардың үштен бiрi. Жаңа зауытты iске қосу арқылы аймақтағы майлы дақылдардың негiзгi үлесi өңделедi. Сондай-ақ, кәсiпорында қоспажем шығармақ, олар қазiр басқа аймақтардан әкелiнедi.