«Бүгiн Ұлы Жеңiске 76 жыл толды. Сұрапыл соғыс болған заманнан алыстап барамыз. Бiрақ аталарымыздың ерлiгi ұмытылмақ емес. Қанды соғыста қаза тапқан сарбаздар мен майданнан оралған ардагерлердiң алдында мәңгi қарыздармыз. Әрбiр бейбiт күнiмiздi бағалайық, ашық аспанымыздың бағасы өте қымбат. Жеңiмпаздардың ерлiгi ұмытылмайды. Батырларымызға бас иемiз», — деп жазды СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов әлеуметтiк желiдегi парақшасында.