СҚО Аризона университетiнiң өкiлдерiмен кездестi

СҚО Аризона университетiнiң өкiлдерiмен кездестi

Қазiр облыста М.Қозыбаев атындағы университет жаңартылуда, оқу ғимараттары жөнделедi, 1200 орындық тағы екi жатақхананың құрылысы басталды. Жыл соңына дейiн 73 озық зертханасы бар заманауи оқу-зертханалық корпус ашылады. Сондай-ақ, Петропавлда Назарбаев Университетiне ұқсас жаңа университет пайда болады.

«Сонымен қатар, бiз ынтымақтастық географиясын кеңейтудемiз. Бiздiң аймаққа Аризона университетiнiң (АҚШ) делегациясы келдi. Бүгiн американдық делегациямен кездесу өттi. Келiссөздерден кейiн американдық университет өкiлдерi Солтүстiк Қазақстан университетiмен ынтымақтастыққа дайын екендiктерiн мәлiмдедi. Бiздiң жоғары оқу орнын Аризона университетiне сенiмгерлiк басқаруына беру мәселесi қарастырылуда. Бұл тәсiл өз жемiсiн бермек, өйткенi Аризона университетiнде сапалы бiлiм беру бағдарламасы мен озық технологиялар бар. Аризона әлемдегi ең үздiк 100 университеттiң қатарына кiредi. Оларда Нобель сыйлығының үш лауреаты бар, NASA аэроғарыш агенттiгiмен байланыс жасайды. Бiздiң студенттер мен оқытушылар үшiн американдық университеттiң бай тәжiрибесi мен бiлiмi пайдалы болады. Бiздiң жастар шетелдегi оқу орнымен бiлiм алмасу үшiн тамаша мүмкiндiкке ие болады», — деп жазды СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов әлеуметтiк желiдегi парақшасында.