«CLAAS» сегiзiншi зауытын Солтүстiк Қазақстанда ашады

«CLAAS» сегiзiншi зауытын Солтүстiк Қазақстанда ашады

««CLAAS» концернi ауылшаруашылық техникаларын шығару бойынша әлемдегi көшбасшы болып табылады. Компанияның бүкiл әлем бойынша 7 зауыты бар: Германия, Франция, АҚШ, Қытай, Ресей, Венгрия және Өзбекстанда. Сегiзiншi зауыт Қазақстанда, атап айтқанда Солтүстiк Қазақстан облысында ашылады. Бұл немiс әрiптестерiмен ұзақ, бiрақ сәттi келiссөздердiң нәтижесi», — деп жазды СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов әлеуметтiк желiдегi парақшасында.⠀

Қазiр жаңа кәсiпорынға ғимарат қайта қалпына келтiрiлуде. Өңiр басшысы «CLAAS» компаниясының жоба үйлестiрушiсi Вальдемар Прибпен бiрлескен жобаның жүзеге асу барысын тексердi. Ол бiр апта бойы жобалаушылар мен құрылысшылардың жұмысын үйлестiруде. Барлық құрылыс және жөндеу жұмыстары маусым айында аяқталады. 100-ге жуық тұрақты жұмыс орны құрылады. Немiс концернi мамандарды таңдау және дайындаумен де айналысуда.⠀

«Бұл бiздiң аймақ және бүкiл ел үшiн өте маңызды жоба. Бiздiң өңiрде жоғары табысты әлемдiк деңгейдегi өндiрiс ашылады, ал бiздiң шаруалар «CLAAS» комбайндары мен тракторларын, «Horsch» тұқым себу кешендерiн 50% дейiнгi жеңiлдетiлген бағамен сатып ала алады», — дедi өңiр басшысы.