
СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов Нұрқожа Қайпановты еркiн күрестен Азия бiрiншiлiгiнiң алтын медалiн жеңiп алуымен құттықтады.
«Бiздiң балуан Нұрқожа Қайпанов еркiн күрестен екi дүркiн Азия чемпионы атанды. Нұрқожа, маңызды жеңiсiң құтты болсын. Ақтық белдесуде бiздiң жiгiт ирандық балуаннан айласын асырып, тамаша жеңiске қол жеткiздi. Тарихта бiрiншi рет солтүстiкқазақстандық балуан Азия бiрiншiлiгiн екi рет жеңiп алды. Осылайша, ол Азиядағы ең мықты балуан мәртебесiн растады. Нұрқожаның Токио Олимпиадасына баруға тамаша мүмкiндiгi бар. Оған спорттық жетiстiктер тiлейiк!», — деп жазды облыс әкiмi әлеуметтiк желiдегi парақшасында.