«Биыл қыс мезгiлiнде бiз аудандарда үшiншi хоккей кортын ашып отырмыз. Новоишимка мен Мамлюткадан кейiн эстафетаны Булаево қабылдап алды. Жаңа «Жастар» хоккей корты «Батыр Баян» спорттық-сауықтыру орталығы мен жаңа стадионның жанында орналасқан. Сөйтiп, бiрыңғай спорт кешенi құрылды. Кешенде ауданның 120 тұрғыны спортпен айналысады. Жаңа кортта хоккей секциясына тағы 100 адам тартылмақ. Шорт-трек үйiрмесiн де ашу жоспарланған», — деп жазды СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов әлеуметтiк желiлердегi парақшасында.⠀
Тағы 2 хоккей кортының құрылысы жалғасуда. Биыл хоккей орталықтарының желiсi айтарлықтай өседi. Тағы 7 хоккей кортын салынады, қаражат бюджетке қарастырылған. Осылайша, хоккей кешендерi бүкiл облыс бойынша жұмыс iстейтiн болады. Бұл өңiрде хоккейдi жүйелi түрде дамытуға мүмкiндiк бередi.