Халықаралық әйелдер күнi қарсаңында Н.Погодин атындағы драма театрының қабырғасында облыс әкiмiнiң қатысуымен салтанатты шара өттi. Құмар Ақсақалов жиналған әйелдердi келе жатқан 8 наурыз мерекесiмен құттықтады. Аймақ басшысы көпбалалы аналарға «Күмiс алқа» алқасын тапсырды. Сондай-ақ, облыс әкiмi нәзiк жандыларға құрмет грамоталары мен алғыс хаттарды табыстады.