СҚО әкiмi Чехия елшiсiмен кездестi

СҚО әкiмi Чехия елшiсiмен кездестi

Чехияның Төтенше және Өкiлеттi Елшiсi Рудолф Гикл Солтүстiк Қазақстан облысына келдi. Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов Чехия мемлекетiнiң өкiлiмен кездестi.

Кездесу барысында қос тарап өзара тиiмдi ынтымақтастық мәселелерiн талқылады. Солтүстiк Қазақстан облысы шетелдiк кәсiпкерлерге қолайлы инвестициялық климат жасауда. Бұған Qyzyljar арнайы экономикалық аймағы мен адал салық жүйесi ықпал етедi.

Құмар Ақсақалов елшiге чех кәсiпкерлерiне арналған бiрқатар бизнес-идеяларды айтты. Олардың iшiнде балық аулау саласы мен мал шаруашылығын дамыту, генетика, автомобильдер мен арнайы құрал-жабдықтар шығару бар.

Аймақ басшысы қазiргi уақытта Солтүстiк Қазақстан облысы органикалық тамақ өнiмдерiн өндiруге бағытталғанын және облыс табиғи азық-түлiк өнiмдерiн өндiру және басқа мемлекеттерге экспорттау бойынша жұмыс iстеуге дайын екенiн атап өттi.

Рудолф Гикл өз кезегiнде Чехия бiрлескен кәсiпкерлiк жобаларын жүзеге асыру арқылы Солтүстiк Қазақстан облысымен экономикалық байланысты нығайтуға ниеттi екенiн атап өттi.