Есіл өзені суының жағалаудан шығуы 9 шақырымға дейін жетті

Есіл өзені суының жағалаудан шығуы 9 шақырымға дейін жетті

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов жедел штабтың мүшелерiмен бiрге Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданының аумағын тiкұшақпен аспаннан бақылады. Ұшу барысында судың жайылу аумағы зерттелдi.

Жаз айларында Есiл өзенiнiң енi ең көп дегенде 50 метрдей ғана болады. Аумақты бақылау кезiнде Есiл өзенiнiң арнасы 10 шақырымға созылғанын, су деңгейi 9 метрге көтерiлгенiн көрсеттi. Судың ең көп құйылған жерi Бескөл ауылы мен Былғары зауыты ауданы болып отыр.

«Кеше Петропавл қаласы бойынша төтенше жағдай режимi жарияланды, бүгiн Қызылжар ауданында осындай жағдай жариялап отырмыз. Өткен тәулiкте Есiл өзенiнiң деңгейi 34 сантиметрге көтерiлдi. Облыс бойынша 171 үйге су кiрдi, ал су басқан аулалар одан көбiрек. Су тасқынынан зардап шеккен үйлер негiзiнен Былғары зауыты аумағында, Заречный кентiнде және Қызылжар ауданында орналасқан», — дедi қалыптасқан жағдай туралы сөз қозғаған Құмар Ақсақалов.

Өңiр басшысы тұрғындарды қауiпсiз жерге көшiру жалғасып жатқанын. құтқару жұмыстары түнде де жүргiзiлетiндiгiн атап айтты. Ешкiм зардап шекпес үшiн қажеттi жағдайлардың бәрi жасалуда.

«Бүгiн Есiл өзенiне тағы су құйылады деп күтудемiз. Су құйылу тоқтағаннан кейiн, елдi мекенге су кiрген учаскелердi жабамыз. Содан кейiн ондағы суды бар күш-жiгермен сора бастаймыз. Бұл бағытқа барлық техникалар жұмылдырылатын болады», — дедi Құмар Iргебайұлы.