Өңiр басшысы Құмар Ақсақалов әкiмдiктiң отырысын өткiздi

Өңiр басшысы Құмар Ақсақалов әкiмдiктiң отырысын өткiздi

Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен облыстық әкiмдiктiң отырысында ҚР Президентi Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның Үшiншi жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк» Жолдауын түсiндiру және насихаттау бойынша ақпараттық саясатты жүзеге асыру, жазғы каникул кезiнде балалардың сауықтыру демалысын, көңiл көтеруi мен бос уақытын ұйымдастыру, орман өрттерiнiң алдын алу және олармен күрес мәселелерi талқыланды. Бiрiншi мәселе бойынша Iшкi саясат басқармасының басшысы Әсем Рахметова баяндады.

«Мемлекет басшысының Жолдауын түсiндiру және насихаттауға арналған шаралар аясында облыста 15 ақпараттық топ жұмыс iстейдi, оның 1-уi — облыстық, 1-уi — қалалық, 13-i — аудандық. Топтағылардың жалпы саны — 616 адам. Жолдау жарияланғаннан берi 822 кездесу өткiзiлдi, оған 71067 адам қатысты. Есептi кезеңде БАҚ-та 535 материал жарияланды, 13 ақпараттық кесте орналастырылды, қазақ және орыс тiлдерiнде 274 электронды телесюжет берiлдi», — дедi Әсем Рахметова.

Бұдан басқа, жыл басынан берi Өңiрлiк коммуникациялар қызметiнде 45 брифинг өттi. Облыстың басқармалары мен департамент басшыларының қатысуымен өткен шарада 2016 жылдың жұмыс қорытындысы және ҚР Президентi Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның Үшiншi жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк» Жолдауын түсiндiру тақырыптары талқыланды.

Баяндаманы тыңдай келiп, облыс әкiмi Құмар Ақсақалов өткiзiлетiн шаралардың сапасына көңiл бөлу керектiгiне назар аударды.

«Мемлекет басшысының стратегиялық құжатын, ондағы философилық ойлар мен мәселелердi түсiнiктi етiп, қарапайым тiлмен түсiндiру үшiн, үгiтшi мәселенiң не жайында екендiгiн өзi нақты бiлуi керек. Бiз кейде өзiмiз түсiнбей, нысаншылыққа ұрынамыз. Оларға көмектесу керек. Қабылдай алатындарға көмектескен жөн, үйрену, жаңғыру қажет. Кеше Президент Ассамблея сессиясында: «Уақыт өте тез өтедi, қоғам өзгередi, Әлемдегi трендтер өзгерiп жатыр, бүкiл әлем сияқты ел де дамиды», — дедi. Сондықтан бiз де тез қозғалуымыз қажет. Жолдауды жүзеге асырудың нақты қадамдарын, нақты нәтижелерiн көруге тиiспiз», —  дедi өңiр басшысы.

Екiншi мәселе бойцына Бiлiм басқармасының басшысы Шолпан Каринова баяндады.

«Облыс аумағында 20 жазғы сауықтыру лагерi бар, оның 3-уi Ақмола облысына қарайды, 2-уi — «АйыртауСтройТранс» ЖШС-нiкi, 1-уi — Ақмола облысы аумағында орналасқан. Үстiмiздегi жылы 1 маусымда 1935 баланы қамтитын 15 жазғы сауықтыру лагерi жұмыс iстейтiн болады. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға жауап бере алмайтындықтан, Тимирязев ауданындағы лагерь екiншi жыл жұмыс iстемейдi, Уәлиханов және Ақжар аудандарында лагерь жоқ», — дедi Шолпан Каринова. Басқарма басшысының сөзiне қарағанда, аз қамтылған отбасылардың 7789 баласы демалатын болады, оның 4322-сi — мектеп жанындағы сауықтыру алаңдарында, 3467-сi — қала сыртындағы сауықтыру лагерьлерiнде. 326 жетiм және ата-ана қамқорлығынсыз қалған бала қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерлерде демалады.

Өңiр басшысы балаларды қатерге тiкпес үшiн, демалыс нысандары мен қызметкерлердi әзiрлеуге ерекше көңiл бөлудi тапсырды.

«Аудандардың әкiмдерi қауiпсiздiкке жеке жауап бередi, IIД-мен бiрге кадрларға тексеру жүргiзу керек. Сотты болғандары бар-жоғын, техникалық қызметкерлердiң бәрiн тексеру қажет», — дедi Құмар Ақсақалов.

Бұдан басқа, облыс әкiмi жазда балаларды барынша қамту мақсатында бiрмезеттiк шаралар өткiзу қажеттiгiн де атап айтты.

Табиғи қорлар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қабиден Сәдуақасов облыс әкiмдiгiнiң қарамағына жататын орман алқаптарының аумағы 549 мың гектар екенiн тiлге тиек еттi

«Орман шаруашылығы мекемелерiнде 39 орманшылық бар, оларда орта есеппен 1,5-2 мың гектар аумақты қарайтын 354 орманшы еңбек етедi.Биылғы өрт қауiпсiздiгi кезiнде орман өрттерiнiң алдын алу және тiлсiз жаумен күресу үшiн 16 өрт сөндiру станциясы, 16 өрт сөндiру машинасы, 30 өрт сөндiретiн сыйымдылық, жер жыртатын тiркемелерiмен 77 трактор әзiр етiлдi», — дедi Қабиден Сәдуақасов.

Өңiр басшысы өрт қауiпсiздiгiне байланысты барлық шараларды қолдануды тапсырды. Ондай бола қалған жағдайда кiнәлiлер жазаға тартылуға тиiс. .

«Сiз бәрiн сараптамадан өткiзуге тиiссiз. Ол адамдардың жауапкершiлiгi қандай деңгейде? Ауылдық округ әкiмiнiң қандай жауапкершiлiгi бар? Жер пайдаланушылар неге жауап бередi? Осы адамдарды жауапкершiлiкке тартудың тетiгiн маған бер. Жағдайды бақылау үшiн сiздердiң техникаларыңыз жеткiлiктi. Биыл жаз құрғақ болады деп күтiлуде. Сондықтан барлық қорғаныс шараларын қолдану өте маңызды», — дедi Құмар Ақсақалов.