СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов: «Бiз — бiыңғай ұлтпыз, бұл — бiздiң ұрпаққа беруге тиiстiмiздiң бастысы»

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов: «Бiз — бiыңғай ұлтпыз, бұл — бiздiң ұрпаққа беруге тиiстiмiздiң бастысы»

Қазақстан халқының бiрлiгi күнiне арналған «Мағжан елi — достықтың мекенi» салтанатты шарасы орталық алаңда «Ұлт достығы мызғымас!» атты мерекелiк шерумен басталды.

Содан кейiн облыс орталығының шығармашылық ұжымдары «Бiз — бiр отбасымыз» атты хореографиялық би попурри композициясын орындады.

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов жиналғандарды мерекемен құттықтап, Қазақстан халқының бiрлiгi күнi бiздiң ортақ үйiмiдегi бейбiтшiлiктi, жақсылық пен келiсiмдi танытатындығын атап айтты.

«Ұлт көшбасшысы бейбiтшiлiк пен келiсiмдi сақтауда Қазақстан халқы Ассамблеясы ерекше рөл атқаратындығын атап айтты. Дүние жұзiнде баламасы жоқ бiрегей институт тәуелсiздiк жылдарында тұрақтылық пен қоғамдық келiсiмнiң iргетасына айналды. Қазiр бiздiң алдымызда экономика мен ұлттық сананы жаңғырту бойынша орасан зор мiндет тұр. Оны Қазақстанның барлық азаматтарының ұйысуынсыз шешу мүмкiн емес», — дедi Құмар Iргебайұлы.

Өңiр басшысы СҚО-да 100-ден астам этнос өкiлдерi тұратындығын баса айтты.

«Бейбiтшiлiк пен келiсiмде өмiр сүруге деген шынайы құлшыныс, бiр-бiрiмiзге, мәдениет пен дәстүрiмiзге деген құрмет барлығымызды бiрiктiредi. Бiздiң бiрлiгiмiз бен ынтымақтастығымыз, әсiресе, сынақ кезiнде көрiнiс табады. Бiздiң облысымызда осындай сынақ су тасқыны болып отыр, әлi күнге дейiн оның бетi қайта қойған жоқ. Әр ұлттағы адамдар дiни сенiмiне қарамастан бiр-бiрiне көмек көрсетiп, қайғыларымен бөлiсiп жатқанын көрiп отырмыз», 0Ч дедi облыс әкiмi.

Өңiр басшысы жан-жақтан, елiмiздiң облыстары мен аудандарынан көмек келiп жатқанына назар аударды.

«Тек бiрге ғана кез келген қиындықты жеңе ең күрделi мiндеттердi шеше аламыз. Бiрлiк күнi — әр ұлттағы адамдар мен әртүрлi дiни сенiмдегiлердiң мерекесi. Бұл — жалпы тарихи тағдыры және жалпы болашағы бар бiрыңғай Қазақстан халқының ортақ мерекесi екенiн еске салады. Бiздi қуатты күш — Отанға, туып-өскен және қазiр тұрып жатқан туған қала мен ауылға деген махаббат бiрiктiредi. Бiз — бiыңғай ұлтпыз, бұл — бiздiң ұрпаққа беруге тиiстiмiздiң бастысы», — деп атап көрсеттi Құмар Ақсақалов.

Өңiр басшысы жиналғандарға мықты денсаулық, бақыт, бейбiтшiлiк пен жақсылық тiледi.

Шара мерекелiк бағдарламамен жалғасты. Бұдан басқа, Тәуелсiздiк стелласында облыстық «Бiрлiгiмiз жарасқан» ұлттық мәдениет фестивалi өттi.