
Петропавлға Астана мен Қазақстан Митрополитi келдi. Әмiршi Александр Пресвятой Богородицаның «Умягчение злых сердец» иконасымен бiрге жүр.
Солтүстiк Қазақстан облысы Мәскеу мен барлық Русьтiң Қасиеттi Патриархы Кириллдiң батасы бойынша керемет иконаның пасха кезiнде болған алтыншы өңiрi.
Қонақтарды құттықтай келiп, Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов Орыс православие шiркеуiнiң өкiлдерiн мемлекет пен дiн арасындағы диалогты iлгерiлету iсiнде өңiрде жүргiзiп жатқан жемiстi жұмысы, бейбiтшiлiктi, келiсiмдi, өзара түсiнiстiк пен өзара құрметтеуге қосқан үлесi үшiн ризашылығын бiлдiрдi.
«Әртүрлi конфессияның және ұлттың солтүстiкқазақстандық өкiлдерi бiздiң жалпы құндылықтарымызды еселеу жолында тұрақты жұмыс iстейдi. Бiз бiрлесе отырып барлық қиындықтарды жеңемiз. Қазiр Солтүстiк Қазақстан облысында, өкiнiшке қарай екiншi апта су тасқыны, бұрын-соңды болмаған су орын алуда. Әртүрлi ұлттың өкiлдерi, әр дiндегiлер бiр-бiрiне көмекке келiп, қамқорлық жасауда. Сондай сәттерде бiз өзiмiздiң дұрыс бағытта келе жатқанымызды тағы бағамдаймыз. Оның үстiне жаһандану ғасырында бiздiң рухани құндылықтарымыз бiздiң мемлекеттiң, адамзаттың және барлық қоғамның маңызды субъектiсi болып табылады», — дедi өңiр басшысы.
Облыс әкiмi солтүстiкқазақстандық православиелер Пресвятой Богородицаның «Умягчение злых сердец» иконасын асыға күтiп отырғанын да атап айтты.
Өз кезегiнде Митрополит Александр Ресей Федерациясының Ғылым академиясы бұл мироны зерттедi, бұл таңғаларлық икона физикалық ой тұрғысынан түсiндiре алмайтын болып танылды.
«Мәскеу патриархының «Софрино» шеберханасында қағаздан жасалған қарапайым икона 20 жылдан астам уақыттан берi таңғалдырып келедi. Ол Америкада, Австралияда, ТМД елдерiнде,Украинада, Белоруссияда, Молдовада болды, ендi қасиеттi икона осында келiп отыр. Қасиеттi патриарх Түркiстан епархиясының құрылғанына 145 жыл толғанда Патриархтың бiздiң ұлы даламызға тартқан рухани сыйлығы екенiн атап айтты. Бiздiң әрқайсымыз Қазақстан халқы Ассамблеясының мерекелiк сессиясында алған әсерлерiмiздi ұмытқан жоқпыз. Бұл тек бiздiң Қазақстанымызда ғана бар тамаша диалог алаңы. Мұндай ешкiмде де жоқ, әртүрлi ұлттың адамдары, әртүрлi дiни көзқарастағылар, әртүрлi этностар Қазақстан сияқты ортақ үйiмiзде бейбiтшiлiк пен келiсiм болу үшiн өте дұрыс және сенiмдi мақсатта жинала алады. Бiз ДУМКоммен бiрге, мұсылмандармен бiрге бiздiң мемлекетiмiздiң өмiрiнде барлық адамдар қажет етiп отырған бейбiтшiлiк пен келiсiм нақты жүзеге асуы үшiн қолымыздан келгеннiң барлығын жасаймыз. Бұл бiрiншi президенттiң, бiздiң Елбасының зор еңбегi», — дедi Астана мен Қазақстан Митрополитi.
Кездесу соңында Митрополит Александр мен Құмар Ақсақалов ескерткiш сыйлықтармен алмасты.
Солтүстiк Қазақстан облысына сапары кезiнде Митрополит Александр «Береке» шағынауданыда салынып жатқан православие шiркеуiнде және 20-шы шағынауданда бой көтерiп жатқан мешiтте болғанын айта кеткен жөн.