СҚО әкімі Құмар Ақсақалов: «Отан қорғаушы күні бүкілхалықтық мереке болды»

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов: «Отан қорғаушы күні бүкілхалықтық мереке болды»

Петропавлдағы Отан қорғаушы күніне арналған шара Қарасай мен Ағынтай батырлардың ескерткішіне гүл шоқтарын қою салтанатынан басталды. Ұлттық батырларға құрмет көрсету рәсіміне облыс әкімі Құмар Ақсақалов, ардагерлер, әскери қызметкерлер, Әскери институттың курсанттары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, студенттер, оқушылар, сол сияқты еңбек ұжымдарының өкілдері мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері қатысты.

«Отанға қызмет етемін» мерекелік шарасы аясында солтүстікқазақстандықтар М.Жұмабаев алаңында онлайн-көрсетілімі арқылы Қазақстан Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған ел тарихындағы ауқымды шерудің куәсі болды. Аталмыш көрнекті шеруге өңіріміздегі ҚР Ұлттық ұланы Әскери институтының бастығы, генерал-майор Жұмабек Ахметов бастаған 200-ден астам курсант қатысты.

Петропавлда әскери қуат пен күшті Әскери институттың курсанттары, әскери горнизон бөлімдерінің өкілдері мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері көрсетті. Жиналған солтүстікқазақстандықтарды өңір басшысы Құмар Ақсақалов құттықтады. Өз сөзінде облыс әкімі аталмыш мереке ел тарихымен, қазақстандық армияның қуаттылығының қалыптасуымен тығыз байланысты екендігін атап айтты.

«Осы жылдар ішінде қазақстандық армия өзінің әскери әлеуеті мен қуаттылығын күшейте отырып, өзінің отан қорғауға әзір екендігін паш етті. Біздің әскер заманауи техникалармен жарақтанып, шетелдік әріптестерінен кем еместігін дәлелдеді. Заманауи қазақстандық армия бейбітшіліктің, тұрақтылық пен біздің азаматтарымыздың қауіпсіздігінің кепілі»,- деді облыс әкімі.

Сол сияқты өңір басшысы 20 жылдан бері Петропавл Әскер институты іс жүзінде өздерінің біліктілігі мен принциптерге беріктігін дәлелдеп жүрген жоғары кәсіби дарынды офицерлер әзірлейтіндігін атап айтты. .

«Отан қорғаушы күні бұрыннан бері бүкілхалықтық мереке болып саналады. Бұл – өз Отаны мен өз үйін қорғау құметіне ие болған күшті, ер, рухани жағынан мықты адамдардың күні. Біз еліміздің бейбіт өмірі, тәуелсіздігі және бостандығы үшін күрескен батырларды, жауынгерлер мен сарбаздарды құрмет тұтамыз. Осы күні Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, интернационалист-жауынгерлерге, әскери қызметкерлерге және құқық қорғау органдарының сақшыларына өз өмірлерін ойламай, елімізді қорғап жүргені үшін ризашылығымды білдіргім келеді. Ерекше құттықтау сөзім мереке күні әскери күзетте тұрып, өзінің азаматтық боыштарын өтеп жатқан сарбаздарға да араналады.»,- деді Құмар Ақсақалов.

Салтанатты марапаттау рәсімі осы жерде өткізілді. Мінсіз қызметі, жоғары көрсеткіші, жеке тәртібі үшін, сол сияқты Отан қорғаушы күніне орай Отан қорғаумен байланысты 15 солтүстікқазақстандық облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатына ие болды. Олардың арасында әскери қызметкерлер, Әскери институттың және М.Қозыбаев атывндағы СҚМУдің әкери кафедрасының оқытушылары бар.

Жиналғандарды «Қарулы күштер ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төрағасы Борис Сапенков және Әскери институттың курсанты Бахтияр Қайырбеков құттықтады. Бахтияр Ақтөбе қаласында террористермен шайқас кезінде алты қарсыласқа төтеп беріп, ҚР Президентінің қолынан 3-ші дәрежелі «Айбын» орденін алған болатын.

«Оған дейін армияға шақырылып, азаматтық борышымды атқарып жүргенмін, осы жолды таңдаймын деп ойлаған да жоқпын. Бірақ осындай шешім қабылдадым. Қазір Әскери институтта оқып жүрмін. Бұл өмір маған ұнайды. Мен ерлік жасадым деп есептемеймін. Мен өз міндетімді орындадым. Әрі қарай Отан игілігі үшін қызмет ететін боламын. Әскери қызметкер болып, офицер атағын абыроймен алып жүргім келеді»,- деді Бахтияр Қайырбеков.

Салтанатты рәсім аяқталғанан кейін, барлық бөлімше М.Жүмабаев көшесі арқылы жүріп өтті. Бағдарламаны өңірдің шығармашылық ұжымдары мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің концерті жалғастырды.