СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов тереңдетiп өңдеу мен өңiрдiң экспорттық әлеуетiн дамытуды тапсырды

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов тереңдетiп өңдеу мен өңiрдiң экспорттық әлеуетiн дамытуды тапсырды

Аққайың ауданына жұмыс сапары кезiнде Солтүстiк Қазақстан олысының әкiмi Құмар Ақсақалов «И.Зенченко» ЖШС-нiң алқабында себу науқанының барысымен танысты. Серiктестiктiң директоры Геннадий Зенченконың сөзiне қарағанда, алқаптардағы барлық жұмысты қолайлы агротехникалық мерзiмде аяқтауды жоспарлап отыр.

«Барлық техника сақадай сай, тыңайтқыштар келiп жатыр. Сондықтан үлгеремiз деп ойлаймын. Бүгiн рапс сеуiп жатырмыз, тыңайтқыш та бiрге сiңiрiлуде. Осы округ бойынша 4,5 гектарға майлы дақылдар, 12 мыңға бидай, 2 мың гектарға арпа егемiз. Ауа райы ғана алаңдатады, батпақты жер аз. Бидайдың,рапстың, жүгерiнiң элиталық тұқымдары бар. Науқанға қатысушылар түстiк тамақпен және қажеттiлердiң барлығымен қамтамасыз етiлген», — дейдi Геннадий Зенченко.

Осы жерде өңiр басшысы агроқұрылымдардың басшыларымен кездестi. Биыл Аққсайың ауданы 211 мың гектар алқапқа дән сiңiргелi отыр. Облыс бойынша бұл көрсеткiш 4 млн. 222 мың гектарды құрайды. Осы жағдайда егiстiк алқаптарын әртараптандыру бойынша жұмыс атқарылды. Майлы дақылдар алқабы 712 мың гектарға дейiн көбейдi. Ауданда дәндiбұршақты дақылдар алқабы да артты.

«Дәндiбұршақты дақылдар үлесiнiң артқаны көңiл көншiтерлiк жағдай. Әртараптандыру — оңтайлы iс. Ол тұтастай алғанда егiс алқаптарының құрылымына жақсы әсер етедi. Мамыр айының бiрiншi онкүнiндегi жақсы ауа райының сомасы, аз-мұз салқындықты есепке алмағанда, көп жылғы орташа көрсеткiштен асып түстi. Жалпы дала жұмыстарының барлық кешенi жоспар бойынша жүруде», — дедi «Солтүстiк Қазақстан тәжiрибе станциясы» ЖШС-нiң директоры Белгiбай Қанафин.

Құмар Ақсақалов бүгiнгi күнi облыс үшiн ауыл шаруашылығы машиналарын жасау өзектi мәселе болып тұрғанын атап айтты. Сондықтан осы саланы дамыту керек. Солтүстiк Қазақстанда техниканы ғана емес, әртүрлi бөлшектер де шығаруға болады.

«Бiз өзiмiздегi кәсiпорындардың әлеуеттiк мүмкiндiгiн көрсету үшiн Министрлiкпен жұмыс iстеп жатырмыз. Арнайы алып келiп, көрсеттiк. Бiзде бiрегей құрал-жабдықтар, станоктар бар. Бiз барлығын шығара аламыз», — дедi облыс әкiмi.

Әңгiме барысында облыс әкiмi майлы дақылдардың сату бағасы бiрнеше есе көп екендiгiне аграршылардың назарын аударды. Соған сәйкес әртараптандыру маусым соңында кiрiстердi ұлғайтуға мүмкiндiк бередi.

«Бiз әртараптандырумен айналысудамыз. Бiр жылда майлы дақылдар алқабын 30 пайызға көбейте отырып, оны 712 мың гектарға жеткiздiк. Алдағы жылы да көбейте түсудi жоспарлап отырмыз. Парды да көбейтiп жатырмыз. Басты мiндет — бiзде өсiрiлгеннiң барлығын ұқсатып, экспортқа шығару. Сөйтiп облыстың экспорттық әлеуетiн артыру үшiн жұмыс iстеу. Соған байланысты жылдың соңына дейiн бидайды тереңдетiп өңдейтiн «Биохим» зауыты iске қосылатын болады. Ол крахмал мен глютен өндiредi. Техникамен қамтамасыз етiлгенбiз, мемлекеттен арзандатылған дизел отынын толығымен алдық. Егiс алқабының 70 пайыздайы заманауи техникалармен себiледi», — дедi өңiр басшысы.