Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгiнде Кәсiпкерлiктi қолдау картасының қорытындысын қарады. Облыс әкiмiнiң орынбасары Ратмир Ахметовтiң ақпаратына қарағанда, өңiр басшысының тапсырмасына орай өңiрдегi кәсiпорындардың мүмкiндiгiн ескерiп, тауарлар шығаруды игеру бойынша, импорт алмастыруға байланысты облыстан импортталатын өнiмдерге сараптама жасалған.
«Мақсатты аудиторияға беру үшiн үш тiлдi болжамда ықтимал инвестициялық жобалардың пулi әзiрлендi. Белсендi өткiзiлетiн жобалар бойынша егжей-тегжейлi жол карталары жасалды. Өңiрдiң кәсiпорындарын технологиялық жаңғырту бойынша жоспар қалыптасты. Қабылданған шаралар облыстағы инвестийиялық қызметтi дамыту бағыттары бойынша нақты бағдарды бередi», — дедi Ратмир Ахметов.
Биыл Кәсiпкерлiктi қолдау картасына 5 жаңа жоба ендi. Стратегиялық құжат барлығы жалпы сомасы 65 млрд. теңге болатын 36 жобадан тұрады.
«Үстiмiздегi жылы 7 жобаны iске қосуды жоспарлап отырмыз. Ол қалайы өндiру жөнiндегi «Сырымбет» АҚ сияқты iрi жобалар. Жыл соңына дейiн шампиньон өндiретiн «Грибной мир» жобасын жүзеге асыру да жоспарлануда. «Трансагроинвест» ЖШС қант өндiретiн болады. Таяу уақытта ҚХР-дiң Сиань және Гуанчжоу өңiрлерiнен бизнес-қауымдастықтың пулiмен келетiн негiзгi делегацияны күтiп отырмыз, Олар өзiнiң қуатын ұқсатуға, бiрiншi кезекте — бидайға, ауыл шаруашылығы өнiмдерiне, сосын қой мен қара малдың терiлерiн өңдеуге орналастыруды жоспарлауда», — дедi Ратмир Азметов.
Құмар Ақсақалов өткен жылдың қорытындысы бойынша Картаның 12 жобасы өзiнiң өндiрiстiк қуаттылығына жетпегенiн атап айтты. Биылғы жылдың бiрiншi тоқсанының қорытындысы бойынша олардың 8-i жобалық қуаттылығына шықты. Қалған 4-уi маусымдық қуатқа ғана ие.
Өңiр басшысы Кәсiпкерлiктi қолдау картасы аясында жүзеге асырылатын әрбiр жоба маусымдық өндiрiсiмен бiрге мұқият әзiрленуге тиiс екендiгiн, барлық жағдайлар есептелуi қажеттiгiн атап айтты.
«Қандай өзгерiс болып жатқандығын ай сайын бiлiп отыруым керек. Егер қандай да бiр iс атқарылмай жатса, соны байқап, оған дер кезiнде көмек көрсетуiмiз қажет. Бiр жыл өтсе де, сiздер ЖСҚ-мен және бизнес-жоспарды түзетумен айналысып жатасыздар. Менi ол қанағаттандырмайды. Бұл — жұмыс емес. Сiздердiң жұмыстарыңызды жарты жылдың қорытындысы бойынша бағаламаймын. Ай сайынғы жұмыстарыңызды бағалайтын боламын. Бiр ай өткенде — нәтиже болса, жақсы. Нәтиже болмаса — минус. Түзейсiздер, бәрiн қайта жасайсыздар. Жобалар толық қуатында жұмыс iстегенге шейiн бiрге алып жүруiмiз керек», — дедi өңiр басшысы.
Кеңес барысында үстiмiздегi жылдың 4 айында өңiрге 32,2 млрд. теңгенiң инвестициясы салынғңаны атап айтылды. Осы жағдайда негiзгi капиталға инвестиция салудың өсiмi бойынша облыс республикада екiншi орынға ие болып отыр.
Өңiр басшысы инвестиция тарту бойынша жұмыс тiстi деңгейде жүргiзiлiп жатпағанын атап айтты. Мысалы, аудандар мен Петропавл қаласының арнайы сайттарында осы сала бойынша қажеттi ақпарат жоқ.
«Бiзде шетел инвестициясы өте аз. Әрбiр ауданның әлеуетiн ескерiп, шетел инвестициясын тарту бойынша жұмыс iстеңдер. Интернетте ақпарат шетел тiлiнде болсын. Тоқтап тұрған кәсiпорындарға да Жол картасы болуы керек», — дедi облыс әкiмi.
Биыл ағаш өңдеу, кiрпiш, темiрбетон бұйымдарын шығару, астық қабылдау және сақтау, құс фабрикасы, «Биохим» ӨК, ет комбинаты және жемазық цехы сияқты тоқтап тұрған 6 кәсiпорынның жұмысын жандандыру жоспарланып отырғанын сөз ретi келгенде айта кеткен жөн. Соның нәтижесi бойынша 650 жұмыс орны ашылатын болады.
Облыс әкiмi инвестиция тарту мақсатында ҚХР өңiрлерiмен ынтымақтастықты жалғастыру қажеттiгiне назар аударды.
«Қазiр Қытайда мол қаржы бар, бүгiн Қытай әлемдегi басты инвесторлардың бiрi. Бiз Қытайдың әлеуетiн, қаржысын пайдалануымыз керек, сол үшiн барынша жұмыс iстеңiздер. Индустриялы аймақ бойынша — әлi оны қанша уақыт салуымыз керек? Тоқтап тұрған кәсiпорындар базасында қаңқасы ғана қалған өндiрiс аумақтарының саны жетерлiк. Сонда жасаңдар. Қала әкiмiмен бiрге ойластыруды тағы да тапсырамын. Қазiр мол қаржы құйып, құрамыз, миллиардтаған қаржы жұмсаймыз. Олар қаншалықты ақталатын болады?», — дедi СҚО әкiмi.
Құмар Ақсақалов «Атамекен» Ұлттық кәсiпкерлер палатасы сауалнамасының қорытындысы бойынша 2015-2016 жылдары Солтүстiк Қазақстан облысы iскерлiк ахуал деңгейiнен соңғы орындарды иеленетiндiгiне жиналғандардың назарын аударды.
«Бiздiң өңiрдiң кәсiпкерлерi бiздiң жұмысымызды, оларға қалай көмектесiп жатқанымызды осылай бағалайды. Бұл — барлығымызға берiлген баға. Бұл — бюрократия, сөзбұйда, қолжетiмсiздiк, жабықтық», — деп атап айтты Құмар Iргебайұлы.
Өңiр басшысы кедергiлердi жойып, кәсiкерлерге жан-жақты қолдау көрсетудi тапсырды. Сол сияқты аудандар мен Петропавл қаласының әкiмдерiне жүзеге асыру үшiн инвестицияны қажет ететiн жобаларды әзiрлеп, экономикалық негiздемемен тұсаукесер өткiзудi жүктедi.