ҚР Президентiнiң тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдiң орынбасары — Ауыл шаруашылығы министрi Асқар Мырзахметов жұмыс сапарымен елiмiздiң негiзгi астық өсiрушi өңiрлерiнiң бiрi — Солтүстiк Қазақстан облысында болды.
Бiрiншi кезекте Асқар Мырзахметов «Шағала Агро» ЖШС-нiң егiстiк алқабында тұқым себу науқанының барысымен танысты. Аталмыш шаруашылықтың егiстiк алқабы 28 мың гектарды құрайды, биыл оның 22 мыңына тұқым сепкелi отыр, ал 6 мың гектар парға қалдырылады.
«5,5 мың гектар алқапқа — рапс, 6 мың гектарға — зығыр, 3 мың гектарға, бұршақты жасымық, 6 мың гектарға — бидай, 500 гектарға — сұлы сепкелi отырмыз. Биыл ұйымшылдықпен жұмыс iстеп жатырмыз — қажеттi жанармай мен қосалқы бөлшектер жеткiлiктi. 30 мамырда себу науқанын аяқтап, химиялық өңдеуге кiрiспекшiмiз. Майлы дақылдарды экспорттаймыз. Өткен жылдың астығын тiкелей еуропа елдерiне — Польшаға, Белгияға, Германияға саттық. Өнiмдерiмiздi экспорттағанымыз үшiн, мемлекет ҚҚС сомасын бiзге қайтарды», — дейдi ЖШС директоры Жомарт Омаров.
Серiктестiктiң егiстiк алқабында, Вице-Премьер өңiрдiң аграршыларымен әңгiмелестi.
«Биыл табиғат бiзге жақсы ылғал бердi, қолайлы жағдай жасады. Су мен ылғал қоры көп, жеткiлiктi. Үкiметке көп алғыс айтамыз. Ең негiзгiсi — бүгiн бiзде кепiл бар, жанармаймен және тыңайтқышпен бiздi қамтамасыз ететiн Президент пен Үкiмет бар. Адамдар жұмыла еңбек етiп жатыр», — дедi «Зенченко және К» КС-нiң бас директоры Геннадий Зенченко.
«Бүгiн бiз себу науқанының жартысын атқардық. Кеңалымды заманауи техникалардың арқасында бұл жұмысты тездете аламыз. 2017-2020 жылдарға арналған агрөнеркәсiп кешенiн дамыту бағдарламасының талаптары, жобалық тәсiлдеме, нақты индикаторлар түсiнiктi бола түстi. Бiз барлық аудандардағы ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердi толық аралап шықтық, қалай жылжу керек екенiн олар нақты түсiнiп отыр. Бiздiң жерiмiздiң әлеуетi жоғары, сондықтан әрiптестер барлық жауапкершiлiктi түсiнедi», — дедi себу науқанының барысы жайлы сөз қозғаған Құмар Ақсақалов.
Өз кезегiнде Ауыл шаруашылығы министрi Солтүстiк Қазақстан облысының жерi ең құнарлы екендiгiн атап айтты.
Келесi болған нысан — «Молпродукт» ЖШС. Онда «Наше молоко», «Мумуня» атауымен ультрақыздырылған сүт шығарады, сол сиияқты сүт пен қышқыл өнiмнiң 35 түрiн өндiредi. Өткен жылы кәсiпорында жаңғырту жүргiзiлiп, жаңа қондырғылар — 2 орама желi мен қыздырғыш орнатылды.
Оның өнiмдерi Қазақстанда ғана емес, Ресей Федерациясында да сұранысқа ие.
Одан кейiн Премьер-Министрдiң орынбасары бастаған делегация Петропавл ауыр машина жасау зауытына барды. «ПАМЖЗ» АҚ мұнайгаз ұңғымаларын күрделi және жерасты жөндеу үшiн көтергiш қондырғылар, цементтейтiн агрегаттар, жылуалмастырғыш автоцистерналар, құбыр шоғырларын, ауамен салқындату аппаратының секцияларын, ребойперлер және арнайы мақсаттағы басқа да құрал-жабдықтар шығарады.
Қонақтарды өндiрiс үрдiсiмен таныстырды. Сосын кәсiпорынның конференция залында отандық ауыл шаруашылығы машиналары құрылысын дамыту мәселесi бойынша кеңес өттi.
Кеңес барысында Жол картасының орындалуы туралы хабарланып, Солтүстiк Қазақстан облысының өндiрiстiк қуаттылығы әлеуетiн есепке алып, ауыл шаруашылығы машиналарын жасаудың болашағы талқыланды, сол сияқты ауыл шаруашылығы техникаларын, құрал-жабдықтар, сонымен бiрге қосалқы бөлшектер мен оларды жинақтайтын өнiмдер өндiру бойынша әртүрлi өңiрлердiң кәсiпорындары арасында кооперация құрудың мүмкiндiгi сөз болды.
Кездесудi ашқан СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов қазiргi уақытта өңiрде 13 мың трактор, 7 мың комбайн және 1 мың себу кешенi бар екендiгiн алға тартты.
«Жүргiзiлген жұмыстардың нәтижесiнде тек соңғы 3 жылда ғана мемлекеттiң қолдауы арқасында сомасы 63,8 млрд. теңгеге 3689 ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды. Әрине, бұл жеткiлiксiз. Жүргiзiлген сараптама облыстағы машина-трактор паркiнiң 50 пайызының тоқығы жеткендiгiн және олар жаңартуды қажет ететiндiгiн анықтады. Сол сияқты сәйкес түрде сервистiк қызмет көрсету және қосалқы бөлшектер өндiру қажет етiледi», — дедi Құмар Ақсақалов.
ҚР АШМ ғылыми-технологиялық және техникалық саясат департаментiнiң басшысы Азат Сұлтанов ауыл шаруашылығы машиналарын жасауға арналған шаралар жайында айтып бердi.
АӨК дамытуға арналған жаңа мемлекеттiк бағдарлама мiндеттерiнiң бiрi ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердi заманауи техникалармен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етудi арттыру, сол сияқты республикада ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамыту болып табылады.
Бұл мiндеттердi жүзеге асыру үшiн жұмыс тобы құрылды, оған мемлекеттiк және мемлекеттiк емес секторлардың, ауыл шаруашылығы техникалары мен құрал-жабдықтарын шығаратын кәсiпорындардың өкiлдерi кiрдi.
Жұмыс тобы отырысының қорытындысы, сол сияқты машина-трактор паркiнiң өсiмiн және өндiрiстiң төменгi деңгейiн ұстап тұрған себебiне жүргiзiлген сараптама бойынша АШМ-да Ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамытудың жол картасы әзiрлендi.
Жол картасында көрсетiлген шаралар қолда бар қуаттылықтар өндiрiсiнiң деңгейiн көтеруге, өндiрiстiң жаңа түрлерiн ашуға, шығарылатын өнiмдердiң жиынтығын арттыруға мүмкiндiк бередi, қорытындысында өзiнiң мiнездемесi бойынша шетелдiк техникаларға пара-пар, сапалы және арзан отандық өнiммен фермерлердi қамтамасыз етуге жағдай жасайды.
СҚО әкiмiнiң орынбасары Ратмир Ахметов қонақтарды ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамытуға қатысты Солтүстiк Қазақстан облысы кәсiпорындарының әлеуетiмен таныстырды.
Оның сөзiне қарағанда, Солтүстiк Қазақстан облысындағы жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындар өзiнiң өндiрiстiк алаңдарында машиналар мен тетiктердiң жеке құрамдас бөлiктерiн шығаруды игеруге әзiр.
«ПАМЖЗ» АҚ корпустық бөлшектер мен желiлердi әзiрлеу мүкiндiгiне ие, сол сияқты күрделi гидравликаларды, флянец пен шестерняларды «Көпбейiндi құрал-жабдықтар зауыты» ЖШС, электрониканы «Киров атындағы зауыт» АҚ, жасай алады. «Мұнаймаш» АҚ механикалық өңдеу арқылы бөлшектер мен желiлер шығара алады. «Көпбейiндi құрал-жабдықтар зауыты» ЖШС қосалқы бөлшектердi жөндеу бойынша сервистiк қызмет те көрсетедi. Заманауи ауыл шаруашылығы техникаларын шығаруды игеру облыстың машина жасау кәсiпорындарының жүктемесiн көбейтедi, сала мен өңiрдiң бәсекелестiгiн көтередi. СҚО-ның кәсiпорындары осындай мiндеттердi атқаруға әзiр», — дедi Ратмир Ахметов.
Кеңес барысында «Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендiру ғылыми-зеттеу институты» ЖШС Қостанай филиалының директоры Владимир Астафьев «Ауыл шаруашылығы техникалары мен құрал-жабдықтарын өндiру бойынша кәсiпорындар арасында ынтымақтастық пен кооперациялаудың болашағы» тақырыбында баяндама жасады. Қазақстандағы «Джон Дир» компаниясының қызметi туралы «Евразия Групп Казахстан» компаниясының бас директоры Сергей Глокке айтып бердi. «ПАМЖЗ» АҚ-ның бас директоры Қуаныш Бишiмов ауыл шаруашылығы техникаларын шығаруда машина жасау кәсiпорындарының кооперациялану мүмкiндiгi жайын баяндады.
Кеңес соңында Премьер-Минимтрдiң орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрi Асқар Мырзахметов сөз сөйледi .Ол ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласында Солтүстiк Қазақстан облысының әлеуетi зор екендiгiн атап айтты.
Вице-Премьер ведомствода биыл Ғылыми-технологиялық және техникалық саясат департаментi құрылғанын тiлге тиек еттi.
Сол сияқты Асқар Мырзахметов отандық өндiрiске бағдарланған техникалар мен құрал-жабдықтарды демеуқаржыландыру жағдайы биыл өзгерненiн атап айтты. Бұрын астық жинайтын бiр шетелдiк комбайнға 30 млн. теңгеден астам өтемақы берiлсе, қазiр осы қаражатқа 3 комбайн демеуқаржыландырылады.
Бұл жағдайда шетелдiк техника демеуқаржыландырылады, тек оның қымбаттығына байланысты ол 5-7 пайыз деңгейiнде, ал отандық техникаларға берiлетiн демеуқаржы 25 пайыз деңгейiнде болады.
«ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы лизингке техника беру де қайта қаралды, ол отандық өндiрушiге бағыт ұстанады. Көрсетiлген шаралар сатып алатын техникалардың көлемiн . 50-70%-ға өсiруге, сөйтiп жаңарту көлемiн 1,5-2 есе көбейтуге мүмкiндiк бередi», — дедi Вице-Премьер.