
Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов полиция қызметiнiң жұмысымен және өңiрдегi IIД-нiң бөлiмшелерiмен танысты.
Бiрiншi кезекте Құмар Iргебайұлына байланысты қамтамасыз ететiн, сол сияқты жаппай тәртiпсiздiк кезiнде қоғамдық қауiпсiздiктi сақтауға, ұсталғандарды және тұтқындалған адамдарды тасымалдауға арналған автомашиналар, жылжымалы қылмыстық зертхана және бронды техникалар мен патрульдiк көлiктер көрсетiлдi. Бүгiнгi күнi солтүстiкқазақстандық полицияның автопаркiнде 581 техника бар.
Содан кейiн облыс әкiмi Петропавл қаасындағы IIД-нiң Жедел басқару орталығында (ЖБО) болды. Қазiргi уақытта Орталықта 269 бейнебақылау камерасы орнатылған, оның 80-i облыс орталығында. ЖБО 66 нысанға қосылған 975 бейне камераны пайдалана алады.
СҚО IIД-нiң бастығы, генерал-майор Берiк Бiләловтiң айтуына қарағанда, биыл облыс орталығында тағы 160 камера орнату жоспарланған. Бұл шара көшедегi және қоғамдық орындардағы адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сол сияқты қылмыстың ашылуын арттыруға жағдай жасайды.
Полиция ведомствосының басшысы жыл басынан берi бейнекамералардың көмегiмен 260-тай қылмыс ашылғанын, сол сияқты 5000 құқықбұзушылық анықталғанын мысалға келтiрдi.
Келесi кезекте өңiр басшысы солтүстiкқазақстандық полицияның тарихы сақталатын ведомствоның мұражайымен танысты. Онда 2 зал бар, оларда 4000-дай жәдiгер қойылған.
Мұражаймен таныса келiп, Құмар Ақсақалов тарихи заттарды сақтау маңызды рөл атақаратындығын атап айтты.
«Жәдiгерлерге қарап дәуiрдiң қалай өткенiн байқауға болады, сол кезге бойлай да аласың. Осының бәрi сақталғаны өте маңызды», — дедi өңiр басшысы.
Облыс әкiмi департаменттегi арнайы мемлекеттiк мұрағатта да болды. Онда 62259 жәдiгер сақталған 15 қор бар екен. 2014 жылы берiлген 3 қор ерекше қызығушылық тудырады, мүрағат қорлары ғылыми жағынан да бағалы. Олар — ақталуға жатпайтын адамдардың қылмыстық iстерi, сол сияқты бұрынғы әскери тұтқындар мен КСРО аумағынан көшiрiлген азаматтар, сот органдарымен ақталған қуғын-сүргiнге ұшыраған адамдар жайлы материалдар.
Бағдарлама аясында Құмар Ақсақалов кинология қызметi орталығына да соқты. Бүгiнгi күнi iшкi iстер органдарында әртүрлi тұқымды 43 қызметтiк-iздестiру иттерi қызмет атқарады.
Жұмыстың негiзгi сәттерi, сол сияқты қызмет иттердiң есiрткi заттарын iздеу, қылмыскердi ұстау сияқты дағдылары қонақтарға көрсетiлдi
Бұдан басқа, иттер жарылғыш заттар iздестiруге, iз кесуге, қоғамдық тәртiптi күзетуге баулынған. Жыл басына берi 3 кг-дай есiрткi заты мен 424 қылмыс ашылған.
Құмар Ақсақаловтың сапары Петропавл қаласындағы IIБ ЖПҚ жол-патруль полициясы батальонының атты взводында аяқталды. Бұл бөлiмшенiң сақшылары саяжайларда , көлiктердiң жүруiне қиындық туғызатын учаскелерде қоғамдық тәртiптi күзетумен айналысады.
Сонымен бiрге бөлiмше тiрек-қимыл мүшелерi зақымданған балалардың иппотерапия курсын өткiзу алаңына айналған. Өңiр басшысы балалармен әңгiмелесiп, даму үшiн мұндай сабақтар жақсы нәтиже беретiндiгiн атап айтты.