Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгiнде өткен аппараттық кеңес кадрлық тағайындаудан басталды. Өңiр басшысының өкiмiмен Валерий Затай мемлекеттiк сәулеткерлiк құрылысты бақылау және лицензиялау басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Содан кейiн кеңес барысында «2016-2020 жылдарға арналған облыс аумағын дамыту бағдарламасын» жүзеге асырудың қорытындысы, сол сияқты 2016-2017 жылдардың жылыту маусымының нәтижесi және алдағы жылыту маусымына энергетика, әлеуметтiк сала және тұрғын үй нысандарын даярлау мәселелерi талқыланды.
Бiрiншi мәселе бойынша экономика басқармасының басшысы Арсен Қазбеков баяндады.
Ведомство басшысының айтуынша, «2016-2020 жылдарға арналған облыс аумағын дамыту бағдарламасының» негiзгi бағыттары өңiрдiң экономикасын, әлеуметтiк салаларын дамыту, қоғамдық қауiпсiздiк пен құқықтық тәртiптi қамтамасыз ету, инфрақұрылымдық кешендi жетiлдiру, экологиялық жағдайды сақтау және жақсарту, мемлекеттiк қызмет көрсету жүйесiн дамыту болып табылады.
«Экономика басқармасы салалық басқармалармен және департаментпен бiрге бағдарламаны жүзеге асыруға мониторинг жүргiздi. Оның қорытындысы есептi кезеңде жоспарлы индикаторларды орындаудың динамикасы тұтастай алғанда қанағаттанарлық екенiн көрсеттi.
2016 жылдың қорытындысы бойынша, 130 мақсатты индикаиторлардың 91-не қол жеткiзiлген, 15-i орындалмаған. Алдын ала жасалған бағалау бойынша, бұл қанағаттанарлық жағдай деп есептеймiз. Ұлттық экономика министрлiгiнiң фактiлер мәлiметi бойынша алдын ала баға берiлдi. Маусым-шiлде айларында түбегейлi бағаланады», — дедi Арсен Қазбеков.
Ақпаратты тыңдай келе, Құмар Ақсақалов бағдарламаның орындалмағандарының әрқайсысына тоқталып, сапалық жоспарлауға назар аударуды, сол сияқты жоспарлы индикаиорларды жүзеге асыруды күшейтiдi және аталмыш көрсеткiш үшiн айыппұл балдары алынып тасталатындықтан, артық орындауды жоюды тапсырды.
«Жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, барлық әлеуметтiк-экономикалық көрсеткiштердi тағы қарайтын боламыз. Әрқайсысына сәйкес түрде жеке жауапкершiлiк жүктелген. Мақсатты индикаторларға қол жеткiзу дұрыс болжам жасауға және барлық үрдiстердi басқаруға байланысты. Тиiстi сараптама жүргiзу қажет», — деп атап айтты облыс әкiмi.
Келесi мәселе бойынша ТКШ және энергетика басқармасының басшысы Әдiлбек Әубәкiров баяндама жасады. Оның ақпаратына қарағанда, облыстағы жылыту маусымы штаттық режимде өттi.
«Жылыту маусымы басталғанға дейiн 509 бу қазандығын және 265 шақырым жылыту желiсiн даярлау қажет. Оқу жылы басталғанша 662 бiлiм беру мекемесiн, 1 қазанға дейiн 587 денсаулық сақтау мекемесi мен 207 мәдениет, мұрағат және құжаттамалар мекемелерiн әзiр ету керек. Үстiмiздегi жылы оқушылар өмiрiне қауiпсiздiк туғызатын мектеп ғимараты iшiндегi және жертөлелердегi, яғни 7 аудандағы 60 бiлiм беру нысанының бу қазандықтарын шығаруды аяқтауға тиiспiз», — дедi басқарма басшысы.
Сол сияқты Ғ.Мүсiрепов атындағы ауданның көпқабатты үйлерiндегi 2 бу қазандығын және Тимирязев ауданындағы 1 бу қазандығын шығаруды аяқтау қажет. Аталмыш аудандардың әкiмдiктерiмен жеке тұратын модульдi бу қазандықтарын орнату бойынша «Сапро-Нат» ЖШС инвесторымен келiсiм жүргiзiлуде.
«Бюджет ұйымдары үшiн көмiрдiң жалпы қажеттiлiгi 174 мың тоннаны құрайды. Бюджет ұйымдарын дер кезiнде қатты отынмен қамстамасыз ету үшiн келiсiмшарт жасауға арналған жұмыс жүргiзiлдi. Жыл басынан берi тауарлы биржа арқылы бюджеттiк ұйымдарға 160,1 мың тонна көмiр жеткiзiп беруге келiсiм жасалды. Көмiрмен қамтамасыз ету мамырдан қыркүйек айына дейiн жүргiзiледi. МКК-нiң орталық қазандықтарының қажеттiлiгi 53,7 мың тоннаны құрайды, олар 1 қыркүйектен бастап әзiрлене бастайды, тұрғындарға жылыту маусымы басталғаннан аяқталғанға шейiн тасылады», — дедi Әдiлбек Әубәкiров.
Сол сияқты жылыту маусымына әзiрлiк кезiнде 1197 көпқабатты үйдiң жылу жүйелерiне шаю және жуу жұмыстары жүргiзiледi, оның 1051-i — Петропавл қаласында, 146-сы — аудандарда. Өткен жылғы сияқты ол үшiн арнайы топ құрылады және тұрғын үй нысандарын дер кезiнде және сапалы әзiрлеу үшiн жоспар жасалды.
Өңiр басшысы жылыту маусымы басталғанға шейiн барлық қажеттi шараларды атқаруды тапсырды. Кеңестi аяқтай келе, Құмар Ақсақалов су тасқынының салдарларын жоюға баса назар аударды.
«Барынша суды сорыңдар. Адамдардың бақшаларында әлi күнге дейiн су тұр. Маусым айы да келiп қалды. Ештеңе еге алмай қалған адамдар байқасын. Қажеттi сорғылар сатып алынып, әкелiндi. Барынша жұмыс iстеңдер. Әсiресе Былғары зауыты және Заречный кенттерi бойынша. Қоғам «Нұр Отан» партиясымен бiрге жағдай қалпына келгенше адамдарға керегiнше қолғабыс етсiн», — дедi Құмар Ақсақалов
Сол сияқты су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы беру жағдайына да назар аударды.
«Петропавл қаласы бойынша 100 отбасы 32 миллион теңге алды. Қазiр қала бойынша бағалау әлi жүрiп жатыр, қаражат жағынан проблема жоқ. Қызылжар ауданына да өтемақы берiле бастады. Өтемақы 14 үйге берiлдi, тұтастай алғанда қажеттiлiк шамамен 67 млн. теңгенi құрайды. Рузаевкада да проблема жоқ. Адамдар қандай үй алғысы келсе, соны сатып алды, қазiр 8 үй сатып алынды, 2 отбасы үй сатып алудан бас тартты, оларға өтемақы берiлдi», — дедi облыс әкiмiнiң орынбасары Асқар Сақыпкереев.
Құмар Ақсақалов апта iшiнде барлық қажеттi шараларды атқарып, ақша берудi аяқтауды тапсырды.