Қытайлық инвесторлар СҚО-да агроөнеркәсiп-логистикалық кешенiн салуды жоспарлауда

Қытайлық инвесторлар СҚО-да агроөнеркәсiп-логистикалық кешенiн салуды жоспарлауда

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов Қытай мен Сингапурдан келген инвесторлармен кездестi. Өңiр басшысы оларға облыстың инвестициялық әлеуетi туралы айтып бердi.

«Қазақстандағы ең бай жер бiздiң өңiрде. Топырақтың құнарлылығы 55 балды құрайды. Бiз ет пен сүт, сол сияқты ауыл шаруашылығының барлық өнiмдерiн ұқсату бойынша зор әлеуетке иемiз. Өндiрген өнiмнiң барлығын ұқсата аламай отырмыз, еттiң тек 20, ұнның 10, сүттiң 50 пайыздайын ғана өңдеймiз. Сондықтан инвесторлармен байланыс жасап, оларға барынша қолайлы жағдай жасауға мүдделiмiз. Бiз «Тайынша май» сияқты жақсы жобаны бастадық, осы жобаны жүзеге асыратын ауқымды жоспарымыз бар. Биыл майлы дақылдар аумағын 712 мың гектарға дейiн ұлғайттық. Дәндiбұршақты және жасымық алқаптарын 2,5 есе көбейтiп, 190 мың гектарға жеткiздiк. Бiздiң басты саламыз — ауыл шаруашылығы, сондықтан осы салаға байланыстының бәрiн барынша дамытатын боламыз», — дедi Құмар Ақсақалов.

«Тайынша май» компаниясының құрылтайшысы Цзя Хэи облыс басшыларына қолдағаны үшiн алғысын бiлдiрiп, кәсiпорынды әрi қарай дамытуға арналған жоспары туралы айтып бердi. Фирманың басшылығы май өңдеу жөнiндегi зауыттың базасында агроөнеркәсiп паркiн салып, логистикалық жүйенi жолға қоюды жоспарлауда.

«Айцзю» компаниясының жобасы — логистикалық тiзбек жүйесi. Бiрiншi база — Ильичевкадағы зауыт, сосын Қазақстан шекарасында логистикалық базамыз, ал Сиань қаласында логистикалық паркiмiз болады. Сөйтiп бiз барлық үш жүйенi бiрiктiремiз, ол өндiрiс, жеткiзiп беру және Сиань қаласында сату. Бiз осы арқылы өнiмнiң сапасына, дер кезiнде жеткiзiлуiне және толық сатылуына кепiлдiк беремiз. Бұл — толық жүйе, толық тiзбек. Бiз ешкiмге де тәуелдi болмаймыз, бұл процестi өзiмiз бақылаймыз. Бұл жүйе ҚР Президентi Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол», сол сияқты бiздiң Президентiмiз Си Цзиньпиннiң «Бiр белдеу — бiр жол» бағдарламаларымен толық сәйкес келедi», — дедi Цзя Хэи.

Аталмыш жобаны «Айцзю» компаниясы «Salim Wanye» фирмасымен бiрге жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Аталмыш кәсiпорын туралы «Минжонг» Қытай тамақ корпорациясының өңiрлiк жоба бойынша директоры Сэм Онг толығырақ айтып бердi.

«Корпорацияға 1400 компания кiредi. Қызметiнiң негiзгi түрi — тамақ өнеркәсiбi. Одан басқа, бiз тау-кен өнеркәсiбiмен, мейрамхана және қонақ үй бизнестерiмен және басқа салалармен, IТ-технологиялармен айналысамыз. Ынтымақтастық аясында «Айцзю» корпорациясымен бiрге бiрлескен жоба құрып, алдағы уақытта басқа жобаларды жүзеге асыра аламыз», — дедi Сэм Онг.

Кездесу барысында тараптар әрi қарай ынтымақтастықтың болашағын талқылап, бiлесе жобалар жүзеге асырудың жоспарын белгiледi.