Отырыстың күн тәртiбiнде «Денсаулық», «Көлiктiк-логистикалық инфрақұрылымды дамыту» бағыты бойынша 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асырудың барысы, сол сияқты мүмкiндiгi шектеулi адамдар үшiн кедергiсiз орта құру мәселелерi талқыланды.
Бiрiншi мәселе — «Денсаулық» бағыты бойынша комиссияның жетекшiсi, облыстық мәслихаттың депутаты Юрий Белоног пен Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Владимир Безлер сөйледi.
2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттiк бағдарламасын Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев 2016 жылы 15 қаңтарда бекiткен.
«Бағдарлама тұрғындардың денсаулығын қорғау негiзi ретiнде қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту, алғашқы медициналық-санитарлық көмектi басым дамыту және жаңғырту негiзiнде тұрғындардың мұқтаждығы аясында денсаулық сақтаудың барлық қызметтерiн интеграциялау, дәрiмен қамтамасыз етудiң Ұлттық саясатын iске асыру, ынтымақтастықты енгiзу және қаржылық тұрақтылықты дамыту негiзiнде денсаулық сақтау жүйесiн жетiлдiру, сол сияқты денсаулық сақтау саласында адами ресурстарды тиiмдi басқаруды дамыту, сақтандыру медицинасын енгiзу, мемлекеттiк-жекеше әрiптестiк, инновациялар мен заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негiзiнде денсаулық сақтау инфрақұрылымдарын әрi қарай дамытуды қамтамасыз ету бағыттары бойынша жүзеге асырылады», — дедi Юрий Анатольевич.
Бағдарламаның мақсаты — ұлттық денсаулық сақтауды жаңғырту жолымен әлемнiң барынша дамыған 30 елi деңгейiне денсаулық көрсеткiшi бойынша жоспарлы түрде жету үшiн тұрғындардың денсаулығын нығайту.
Юрий Белоногтың айтуынша, 2016 жылы СҚО-да ана өлiмi тiркелген жоқ, сол сияқты балалардың шетiнеуi мен туберкулезбен ауыру азайған..
2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру барысында 33 индикатордың 16-сына қол жеткiзiлдi, 5-уi — жүзеге асырылу үстiнде, 12-сi орындалмады, оның себептерi сараланды.
Осы мәселе бойынша ақпарат берген Владимир Безлер 01.03.2017 жылғы әлеуметтiк және демографиялық статистика басқармасының мәлiметi бойынша облыс тұрғындарының саны 561 917 адамды құрағанын атап айтты. 1 мамырдағы жағдай бойынша 576 495 адам емханаларға бекiтiлдi. Облыс тұрғындарына 1402 дәрiгер мен 5081 орта медицина қызметкерi медициналық көмек көрсетедi. Өткен жылдың сәйкес мерзiмiмен салыстырғанда дәрiгерлер 1390-нан 1402-ге, ал орта арнайы бiлiмдi мамандар 4848-ден 5081-ге дейiн көбейдi. Соңғы үш жылда облысқа 233 жас маман келдi, оның 109-ы ауылдық жерлерге.
«2016 жылы 25,2 млрд. теңге игерiлдi. Оның 1 млн. 127 мың теңгесi материалдық-техникалық жарақтану мен жөндеуге жұмсалды. Жергiлiктi бюджет есебiнен 9 жоба жүзеге асырылды. 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттiк бағдарламасы аясында 12 жоба бойынша күрделi жөндеу және 3 жоба бойынша ағымдағы жөндеу жүргiзiлдi. 43 бiрлiк медициналық құрал-жабдық, 9 автокөлiк, 8 су жылытатын қазандық, сол сияқты Қызылжар ауданындағы Новоникольск ауылында ДА, Бәйтерек ауылында ФАП орналастыру үшiн ғимарат сатып алынды. Облыста 2017 жылы денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 12,8 млрд. теңгенi құрады», — дедi Владимир Михайлович.
Биыл сомасы 592 млн. 214 мың теңгеге 20 денсаулық сақтау нысанына күрделi жөндеу жүргiзу жоспарланған. Сол сияқты құнарлы жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiк мемлекеттiк бағдарламасы аясында сомасы 132 млн. теңгеден астам қаражатқа 7 жоба бойынша кұрделi жөндеу жүргiзiлмек. Жергiлiктi бюджеттiң 1 млрд. теңгеден астам қаражатына медициналық жабдықтар мен автокөлiк сатып алу жоспарланған.
СҚО бойынша 2017 жылдың басында 180080 адам диспансерлiк есепте тұр, бұл облыс тұрғындарының 33 пайызы. Осы жағдайда 70 мыңнан астам адам тегiн дәрiлiк препараттар алады.
Баяндамаларды тыңдай келе, партия филиалының төрағасы — облыс әкiмi Құмар Ақсақалов құралдарды бөлу және кадр мәселесiн шешу кезiнде нақты кезектi сақтау қажеттiгiне назар аударды.
«Бiзде кадрлар дефецитi 316 адамды құрайды, оның 129-ы — ауылға. мамандарды тарту бойынша қандай жұмыстар жүргiзiлдi? Қай жерге кадрлар көп жетiспейдi, қай аудандарға? Қандай жағдайлар жасалды? Егер дәрiгерлер болмаса, нәтиждеге қалай қол жеткiземiз? Яғни бiздiң өңiрiмiзде институттар мен медициналық ЖОО-ларға түлектер тарту бойынша жұмыс өз дәрежесiнде жүргiзiлмейдi. Әлеуметтiк пакет толық көлемде қамтамасыз етiлмеген, түлектердi оқыту үшiн келiсiмдер жасауға арналған жұмыс атқарылмайды. Бiздiң көп балалар кетiп, басқа өңiрлерде, Түмен мен Омбының медициналық ЖОО-ларында оқып жатыр. Оларды тарту бойынша қандай жұмыстар жүргiзiлуде?», — деп облыс әкiмi сауал тастады.
«Ғ.Мүсiрепов атындағы, Тимирязев пен Мамлют аудандарында ең көп кадр дефецитi қалыптасқан. Бiздiң қызметкерлер бос жұмыс орны жәрмеңкелерiне барып, келiсiмдер жасайды, биыл 87 келiсiмге қол жеткiздi. Аталмыш түлектер келген кезде, медициналық ұйымдар өз қаражаты есебiнен тұрғын үй жалдауға өтемақы төлейдi. Ауруханалар қаражаты есебiнен медицина ЖОО-ларында 24 адам оқып жатыр, оның 4-уi келдi, ал 20-сы биыл аяқтайды», — дедi Владимир Безлер.
«Көлiктiк-логистикалық инфрақұрылымды дамыту» бағыты бойынша 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» бағдарламаларын жүзеге асырудың барысы туралы «Көлiктiк-логистикалық инфрақұрылымды дамыту» бағыты бойынша комиссияның жетекшiсi, облыстық мәслихаттың депутаты Есжан Оразалин баяндады..
Есжан Қабиұлы 2016 жылдың маусым айынан берi комиссия мүшелерi құрылыс нысандарына барып, бөлiнген қаражаттың игерiлуiне мониторинг жүргiзетiндiгiн атап айтты. Мысалы, өткен жылы осы бағыт бойынша 5 рейд ұйымдастырылып, 3 отырыс өткiзiлген. Онда рейд барысында анықталған ескертулердi жою бойынша тапсырыс берушiлер мен мердiгер ұйымдарға жөндеу жұмыстарының сапасына бақылауды күшейту, пайдаланылатын материалдарға зертханалық сынақтар жүргiзу, жұмысшыларға дер кезiнде еңбекақы төлеу сияқты ұсыныстар берiлген.
Биыл комиссия мүшелерi «Петропавл қаласының айналмасы» автожолының 8-шақырымында жол өткелiн жөндеп жатқан мердiгер «А.Рязанов атындағы №25 көпiр салу отряды» ЖШС-ға барып қайтқан. Есжан Оразалиннiң айтуынша, жұмыс қозғалысты тоқтатпай тиiмдi жүргiзiлуде.
Осы мәселе бойынша «ҚазАвтоЖол» ҰК»АҚ СҚОФ директоры Болатбек Айтбаев сөйледi. Оның айтуынша, бағдарлама аясында 2015-тен 2020 жылға дейiн 6,7 мың шақырым жолды қалпына келтiру жоспарланған.
«Солтүстiк Қазақстан облысындағы республикалық маңыздағы жолдар бойынша
2015-тен 2019 жылға дейiн 185 шақырымдық «Бурабай (Щучинск) — Көкшетау — Петропавл — РФ шекарасы» автожолын қалпына келтiру жобасын жүзеге асыру қарастырылған. Биыл «Петропавл қаласының айналмасы» автожолының 8-шақырымында жол өткелiн жөндеу жобасы iске асырылуда. Сонымен бiрге Петропавл қаласы арқылы Челябiге және Новосибирге, Омбыға баратын, «Бурабай — Көкшетау — Петропавл — РФ шекарасы» жолдарын жөндеу жоспарланған.
Өңiр басшысы Омбы мен Түменге баратын жолдарды қалпына келтiру жоспарланып отырғанын атап айтты.
«2018 жылдың шiлде айына дейiн Ресей Федерациясымен шекараласатын жолдардың барлығын жақсы жағдайға келтiремiз. Ол бiзге логистика, бизнес өкiлдерi сонда барып өз тауарларын сату үшiн керек. Сәйкес түрде инфрақрылым, жол жасап, бiз өзiмiздiң географиялық жағдайымызды барынша пайдалануымыз керек. Ең бастысы — салынатын жолдарға бақылау жасау. Бiздiң тарапымыздан — бұл өте маңызды. Жол құрылысының сапасына партиялық бақылау жасалуы керек. Компаниялар оған бөгет жасамауға тиiс. Олар тұрақты түрде бақыланып отыруы керек», — дедi өңiр басшысы.
Отырыста Тайынша мен Шал ақын аудандарында мүмкiндiгi шектеулi адамдар үшiн кедергiсiз орта құру мәселелерi талқыланды. Аталмыш мәселе бойынша Тайынша ауданының әкiмi «Нұр Отан» партиясы филиалының төрағасы Ержан Иманслям мен Шал ақын ауданының әкiмi — «Нұр Отан» партиямы филиалының төрағасы Ербол Сағдиев ақпарат бердi.
Содан кейiн «Нұр Отан» партиясы СҚОФ төрағасының бiрiншi орынбасары Артур Молдағұлов аталмыш аудандарға барған жұмыс сапарының қорытындысы туралы атты.
«Барған кезде әрбiр ауданның негiзгi 15 нысанына назар аудардық. Мысалы, Шал ақындағы ауданындық әкiмдiк, мәдениет үйi, аудандық емхана, «Сердечная» дәрiханасы, ХҚО қолжетiмсiз. «Қазпошта» филиалында көтергiш болғанымен, шақыру тетiгi жоқ, есiгi өлшемi бойынша сәйкес келмейдi. Яғни қоларбадағы кiсi бұл ғимаратқа кiре алмайды. Қазақ орта мектебi қолжетiмдi, ал әлеуметтiк қорғау бөлiмi қолжетiмдiлеу болғанымен, пандус құрылыстың нормасы мен ережесiне (СНиП) сәйкес келмейдi», — дедi Артур Молдағұлов.
Бұдан басқа, аудандағы 10 дүкеннiң 2-уi ғана мүмкндiгi шектелген адамдар үшiн қолжетiмдi.
Тайынша ауданында аурухана, ХҚО, супермаркет қана жартылай қолжетiмдi.
«Бiз тексерген жекеменшiк нотариустағы, кiтап дүкенi мен дәрiханалардағы пандустар, есiктер норма мен ережеге сәйукс келмейдi. Шақыру тетiктерi жоқ. Қалалық әкiмдiктi қараған кезде, онда жөндеу жұмысы жүргiзiлiп жатыр екен. Аудандық iшкi iстер бөлiмiнде ғана бәрi талаптағыдай. Аудандық әкiмдiк жартылай ғана қолжетiмдi. Өнер мектебi мен №5 мектеп, аудандық аурухана, кiтапхана сәйкес пандустармен жабдықталмаған. «Қазпошта да жартылай ғана қолжетiмдi», — дедi партия төрағасының орынбасары.
Өңiр басшысы Құмар Ақсақалов Тайынша және Шал ақын аудандарының осы бағыттағы жұмысын сын тезiне алды.
«Заң бойынша, барлық нысандар мүгедектерге қолжетiмдi болуға тиiс. Сiздер ауданның басшысы ғана емес, партия төрағасысыздар. Сiздердiң жұмыстарыңызды қалай бағалауға болады? Ең аз дегенде партия желiсi бойынша ескерту немесе сөгiс алуға тиiс деп есептеймiн. 2012 жылдан 2018 жылға дейiн бағдарлама жасалды. 2018-ге дейiн жарты жыл ғана қалды. Бiздiң филиалдардың басшыларының жеке жауапкершiлiгiн қарауды және сөгiс жариялауды ұсынамын. Iс жүзiнде жұмыс атқарылмаған», — дедi Құмар Ақсақалов.