
Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов биыл мектеп бiтiретiн жетiм және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалармен кездестi.
Кездесудi ашқан өңiр басшысы түлектердi мектеп бiтiруiмен және аттестат алуымен құттықтап, балалар үшiн қазiргi ең маңыздысы — оқуды жалғастыру екендiгiн атап айтты.
«Бүгiн мемлекетiмiз мектеп түлектерi оқуын жалғастыру үшiн барлық жағдайды жасауда. Тегiн кәсiптiк-техникалық бiлiм беру iске асырылуда, соған орай ниет бiлдiргендер мамандық алып шыға алады. Университетте тегiн бiлiм алуға сiздер үшiн квота барын бiлесiздер. Сондықтан мектеп қабырғасында , оқу орны аясында алған бiлiмдерiңдi дұрыс пайдалануларыңызға тiлектеспiн», — дедi Құмар Ақсақалов.
Әңгiмелесу кезiнде облыс әкiмi жастар арасындағы жоғары бәсекелестiкке түлектердiң назарын аударды. Сондықтан жоғары ақылы ғана емес, бәсекелестiк көрсеткiшi кем соқпайтын мамандықтарды таңдауға кеңес бердi.
«Сiздердiң бәсекелестiкке төтеп берiп, дәнекершi, токарь, медбике, жүргiзушi, болсаңдар да жақсы мамандық иеленулерiзге тiлектестiк бiлдiремiн, олардың бәрi де қажеттi мамандық. Әрдайым экономист, қаржыгер болуға ұмтылудың қажетi жоқ, Қазiр кез келген жұмыс берушi дәнекерлеушiге жоғары еңбекақы төлейдi. Сiздердiң сондай болғандарыңызды қалаймын. Бiз, ересектер, сiздер үшiн тiлектес боламыз. Қандай өмiр жолын таңдайтындарыңызды қазiр анықтауларыңыз керек», — дедi өңiр басшысы.
Өз кезегiнде, түлектер облыс басшыларына ризашылығын бiлдiрiп, өз жетiстiктерi, алдағы жоспарлары туралы айтып бердi. Мысалы, №40 мектептiң түлегi Александра Семченко М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-ге түсiп, дене тәрбиесiнiң жаттықтырушысы болуды армандайды.
«Он жастан берi спорттың жеңiл атлетика, көпсайыс және суда жүзу сияқты түрлерiмен айналысамын. Облыстың және Қазақстан Республикасының бiрнеше дүркiн чемпионымын. Президенттiк көпсайыс бойынша спорт шеберлiгiне үмiткермiн, суда жүзуден ересектер арасында бiрiншi разрядым бар», — дедi Александра Семченко.
Кездесудiң соңында Құмар Ақсақалов мектептi аяқтауларына байланысты 64 балаға сыйақы мен ескерткiш сыйлықтар табыс еттi.