СҚО әкiмдiгi мен «Fortebank» АҚ арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

СҚО әкiмдiгi мен «Fortebank» АҚ арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнде өңiр басшысы Құмар Ақсақалов «Fortebank» АҚ Басқармасының төрағасымен кездестi.

Кездесудi ашқан облыс әкiмi Құмар Ақсақалов өңiрде 28 мың кәсiпкерлiк субъектiсi жұмыс iстеп жатқандығын, онда 100 мыңнан астам адам еңбек ететiндiгiн атап айтты. Шағын және орта бизнес субъектiлерi шығаратын өнiм жыл сайын артып келедi.

«Бiз ынтымақтастық үшiн әрқашан ашықпыз. Әртүрлi тiлдерден аударғанда «forte» сөзi «күштi», «мықты», «бiрiншi», «қуатты» дегендi бiлдiредi. Банктiң атауының өзi бизнестi жақсартуға, қызметтi күшейтуге бағытталғанын көрсетедi. Бұл өте маңызды», — дедi Құмар Ақсақалов.

Өз кезегiнде «Fortebank» АҚ Басқармасының төрағасы Мағжан Әуезов облыс басшылығына ынтымақтастық үшiн ризашылығын бiлдiрдi.

«Банктiң қызмет көрсету мен оны кеңейту бойынша жоспары ауқымды. Жалпы кредит қоржыны шамамен 6,5 млрд. теңгенi құрайды. Бұл — сiз айтып отырған шағын және орта бизнес кәсiпорындары. Ол бағыт бiз үшiн өте маңызды», — дедi Мағжан Әуезов.

«Fortebank» АҚ Басқармасының төрағасы Петропавлда теннис орталығын салу бойынша мемлекеттiк-жекеменшiк әрiптестiк аясында жобаны жүзеге асыру биылғы жылдың маңызды оқиғасы болатындығын атап айтты

«Бiз құрылыста болып, жұмыстың қалай жүрiп жатқанын көрдiк. Жақсы нысан салынып, қаланың барлық тұрғындарына ұнайды деген ниеттемiз. Әлеуметтiк бағыт саласындағы мұндай жұмыс бiз үшiн маңызды саналады. Сiзге қолдағаныңыз үшiн зор алғысымды бiлдiргiм келедi. Алдымызға қойған барлық мақсаттар мен мiндеттердi бiз кедергiсiз жүзеге асыра аламыз», — дедi банк Басқармасының төрағасы.

Облыс әкiмi теннис орталығын салуға қатысқаны үшiн банк өкiлдерiне ризашылығын бiлдiрдi.

«Жоспар бойынша келесi жылдың наурыз айында тапсырылуы керек болса да, жұмыс кестеден аса орындалуда. Құрылысшылар жыл соңына дейiн тапсырамыз деп отыр. Мүмкiн солай да болатын шығар», — дедi Құмар Ақсақалов.

Кездесу соңында Құмар Ақсақалов пен Мағжан Әуезов Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгi мен «Fortebank» АҚ арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Содан кейiн өңiр басшысы «Fortebank» АҚ филиалының жаңа орталық кеңсесiнiң ашылуына арналған салтанатты шараға қатысты

«Бiздiң мемлекетiмiзде бизнестiң дамуына зор көңiл бөлiнiп отырғанын жақсы бiлесiз. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бiрнеше бағдарламалар қабылдануда. Бизнестi қолдауға арналған «Бизнестiң жол картасы-2020» бағдарламасын қаржыландыруға бiздiң облыста «Fortebank» мол қаражат салды. Бұл жұмыс жалғасатын болады. Жаңа кеңседе клиенттер жаңа тетiктердi, жаңа технологияларды пайдаланып, бiздiң облыстағы шағын және орта бизнестi дамыта және кеңейте түсетiндiгiне сенiмдiмiн», — дедi Құмар Ақсақалов.

Өз кезегiнде «Fortebank» АҚ Басқармасының төрағасы Мағжан Әуезов қаржы институтының ұжымы үшiн жаңа кеңсенiң ашылуы маңызды оқиға екенiн тiлге тиек еттi.

«Бүгiнгi күнi Петропавлда бiздiң 23 мыңнан астам клиентiмiз бар, 1100-ден астам компания бiзбен жұмыс iстейдi. Бұл кеңсенi ашуымыздың себебi — тұрғындар мен компанияларға ең заманауи және сапалы қызмет көрсету. Бiздiң қызметкерлерiмiз оған мұқият әзiрлендi. Бiздiң клиенттерiмiз риза болу үшiн жақсы жұмыс iстейтiн боламыз. Қала мен облыс басшылығы жүргiзiп жатқан ауқымды жұмысқа бiздiң филиал да өз үлесiн қосады деген сенiмдемiн», — дедi Мағжан Әуезов.

Тұсаукесер рәсiмiнен кейiн облыс әкiмi Құмар Ақсақалов «Fortebank» АҚ Басқармасының төрағасы Мағжан Әуезовтiң бастауымен жаңа орталық кеңсенiң ғимаратымен танысты.

Өңiр басшысына заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсететiн залдың жұмыс барысын көрсеттi.

«Fortebank» АҚ-ның елiмiз бойынша 19 филиалы мен 100-ден астам бөлiмшесi бар екендiгiн атап айтқан жөн.