Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң бұйрығымен осы қызметке азаматтық қорғаныс полковнигi Камалов Рамиль Фаткулұлы тағайындалды.
Рамиль Фаткулұлы ҚР IIМ-нiң Павлодар техникалық колледжiн. Қарағанды мемлекеттiк техникалық университетiн «Өртке қарсы бөлiмнiң ұйымы мен техникасы», «стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандықтары бойынша бiтiрдi.
Әр жылдары Ақмола облысында өрт сөндiру бөлiмiнiң мемлекеттiк өрттi бақылау инспекторы, аға инженерi, Астана қаласының өрт сөндiру бөлiмi бастығының орынбасары, бастығы, Астана қаласындағы «Өрт сөндiрушi» Республикалық мемлекеттiк кәсiпорны филиалының өрт сөндiру бөлiмiнiң бас маманы, ҚР.IIМ ТЖК-нiң өрт сөндiру және апаттық құтқару жұмыстары қызметi бөлiмiнiң бас маманы болып iстедi.
ҚР IIМ ТЖК Өрт сөндiру қызметiн ұйымдастыру жөнiндегi басқарманың бастығы қызметiн атқарды.
2016 жылдың қаңтар айынан осы тағайындауға дейiн ҚР IIМ ТЖК Мағыстау облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi департамент бастығының орынбасары болып жұмыс iстедi.