Құмар Ақсақалов: «Бiздiң ауыл шаруашылығы тиiмдi болуға тиiс!»

Құмар Ақсақалов: «Бiздiң ауыл шаруашылығы тиiмдi болуға тиiс!»

Қоғамдық кеңес мүшелерiмен кездескен Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi ауыл шаруашылығы саласына осындай мiндет жүктелетiндiгiн айтып, соған байланысты мәселелерге назар аударды.

Облыс әкiмi осы саланы дамыту басты бағыт болатындығын атап айтты.

«568 652 солтүстiкқазақстандықтың 318 862-i ауылдық жерлерде тұрады, бұл — 56%-дан астам көрсеткiш. Осының өзi өңiрдегi халықтың негiзгi бөлiгi ауыл шаруашылығына тәуелдi екенiн көрсетедi», — дедi Құмар Ақсақалов.

Өңiр басшысы басты байлығымыз — жерге қатысты тұтынушылық көзқарасты жоюға, дiлiмiздi өзгертуге және қалыптасқан жағдайды бұзуға шақырды. Бұл бағытта Құмар Ақсақалов егiстiк алқаптарды әртараптандыруға, мал шаруашылығын дамытуға және еңбекке ақы төлеуге ерекше назар аударды.

«Көктемгi-дала жұмыстарының қорытындысы бойынша мынандай нәтижелерге қол жеткiздiк: биыл майлы дақылдар алқабын 39%-ға көбейтiп, 200 мың гектарға жеткiздiк, ол республика бойынша майлы дақылдар көлемiнiң 30,4%-н құрайды. Сол сияқты Қазақстан бойынша жасымық, бұршақ, нут алқаптары 209 мың гектарға көбейдi. Бiздiң өңiрде жасымық алқабы 2,5 есе өсiп, 195,5 мың гектарға жеттi. Алғаш рет 4,9 мың гектарға соя ектiк», — дедi көктемгi науқан жайлы сөз еткен облыс әкiмi.

Солүстiк Қазақстан облысының әртараптандыру бойынша атқарған жұмысына Үкiмет басшылығы оң бағасын бергенiн атап айтқан жөн. Өңiрде жүргiзiлген жұмыс, мамандардың пiкiрi бойынша, Қазақстанның жасымық егуден дүние жүзiнде бесiншi, оны экспорттаудан төртiншi орын иеленуiне мүмкiндiк бередi.

«Ресейдiң бiзбен шекаралас үш облысында 6,5 млн.-нан астам адам тұрады — соған байланысты зор әлеуетке иемiз. Бiздiң өнiмдерiмiз бәсекеге қабiлеттi әрi ресейлiктердiң сұранысына ие. Қазiргi мiндет — осы өткiзу нарығын сақтап, кеңейте түсу қажет. Ол үшiн Ресейдiң үш қаласында сауда үйлерiн ашуды жоспарлап отырмыз, оларда «Солтүстiк Қазақстанда жасалған» маркасымен өнiмдерiмiз сатылатын болады», — дедi Құмар Iргебайұлы. Шығарылатын өнiмдер көлемiн арттыру мен зауыттарды 100% жүктеу арқылы ауыл шаруашылығы шикiзатының сапасын арттыру мал шаруашылығын дамыту, әсiресе асыл тұқымды қара мал есебiнен жүргiзiлетiндiгiн Құмар Ақсақалов алға тартты.

«Өнеркәсiп, шағын және орта бизнес, бiлiм, ғылым, қызмет сияқты барлық салалар ауыл шаруашылығына негiзделуi тиiс. Тұтынушыларға бағдарлануды жолға қою керек. Зауыттар облыстан тыс жерлерге емес, бiрiншi кезекте бiздiң өңiрiмiз, солтүстiкқазақстандықтарға маңызды, АӨК қажет ететiн тауарларды шығаруы керек», — дедi өңiр басшысы.

Құмар Ақсақаловтың сөзiне қарағанда техникалардың көп бөлiгi импортталады. Өңiрде қолжетiмдi бағаға сапалы техникалар шығаратын зауыттар бар болса да, қаржының көп бөлiгi облыстан тысқары жерлерге кетедi. Бұл жағдайда, облыстың машина жасау кәсiпорындары отандық, сол сияқты шетелдiк ауыл шаруашылығы техникалары өндiрiсiн жолға қоюға әзiр екендiктерiн жеткiздi. Өндiрiс саласында оң жетiстiктер қалыптасып отырғанын айта кеткен жөн.

«Үстiмiздегi жылдың 5 айының қорытындысы бойынша өнеркәсiп кәсiпорындары 86,6 млрд. теңгенiң өнiмiн шығарды, ол өткен жылдың сәйкес мерзiмiнен 5,8%-ға көп. Машина жасау кәсiпорындарының тапсырыс қоржыны қазiр 30 млрд. теңгенi құрайды. Тек наурыз айынан маусымға дейiн ол 9 млрд. теңгеге көбейдi»,– дедi Құмар Ақсақалов.

Өңiр басшысы инвестиция тарту қажеттiгiн еске салды.

«Өткен 5 айда өңiр экономикасына 43,8 млрд. теңге инвестиция тартылды, өсiм — 21,2%. Үстiмiздегi жылдың қорытындысы бойынша да оң өсiм қарқыны қамтамасыз етiлетiн болады. Қазiрдiң өзiнде Қытай, Ресей және Литва компанияларының қатысуымен бiрқатар жобалар жүзеге асырылу қарсаңында жатыр. Үстiмiздегi жылы шiлде айында «Iluka» трансұлттық компаниясы бұрғылау жұмыстарына кiрiседi. Тамыз айының соңына дейiн облыстың 6 ауданында минералды құмдардың қоры анықталатын болады. Соған байланысты минералды құмдарды өңдеу бойынша зауыт құрылысы жобасы қолға алынады», — дедi СҚО әкiмi.

Баяндама барысында облыс әкiмi жол-логистика инфрақұрылымы туралы да ақпарат бердi. Құмар Ақсақалов биыл жергiлiктi маңыздағы 647 шақырым жол жөндеуден өткiзiлетiндiгiн, ол өткен жылдың көрсеткiшiнен 1,7 есе көп болатындығын атап айтты. Ресей Федерациясы шекарасына қарай үш бағытта жөндеу жұмыстары жүргiзiлуде.

Қоғамдық кеңесте су тасқыны да назардан тыс қалған жоқ. Көктемде облыстың 15 елдi мекенiнiң 380 үйiн су басты, оның 10-ы толық жарамсыз болып қалды. Осы кезеңде 17 рет су жолды шайып, 6 шақырымды жарамсыз еттi, 10 су өткiзетiн құрылыс жөндеудi қажет етедi.

«Зардап шеккендердiң бiреуi де назардан тыс қалған жоқ. Бiрден жедел көмек көрсетiлiп, адамдар мен мүлiктердi қауiпсiз жерге көшiру бойынша қажеттi шаралар атқарылды. Бiз тұрғындармен бiрнеше рет кездестiк.Табиғи апаттың зардаптарын жою үшiн жастар ұйымдарының, «Нұр Отан» партимясының белсендiлерiнiң, мемлекеттiк ұйымдардың қызметкерлерiнiң, әскери қызметкерлердiң және құқық қорғау органдары өкiлдерiнiң қатысуымен сенбiлiктер өткiзiлдi», — дедi өңiр басшысы.

Облыс бойынша материалдық шығандарға өтемақы ретiнде жалпы сомасы 294, 3 млн. теңгенiң қаражаты берiлдi. Оның 220 млн. теңгесi бюджеттiң қаражаты, 31,6 млн. теңгесi -гуманитарлық көмек,42,7 млн. теңгесi — қайырымдылық қаражат.

Пәтер мәселесiн шешу де өңiр басшысының басым бағыты. Құмар Ақсақалов тұрғын үй алу кезегiн барынша қысқарту үшiн әлеуметтiк салада атқарылып жатқан шаралар жайлы да айтып бердi. Бұл бағытта да тарихи бетбұрыс жасалмақшы — «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» салымшылары арасында 1 мың пәтер бөлу қолға алынбақ.

«Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру аясында жалпы алаңы 117,3 мың шаршы метрдi құрайтын 15 тұрғын үйдi (1445 пәтер) пайдалануға беру жоспарланған, ол өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге көп. Шiлде айынша Ж.Қизатов көшесi мен «Береке» шағынауданында 2 тұрғын үй iске қосылады», — дедi Құмар Ақсақалов.

Сол сияқты солтүстiкқазақстандықтар «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша «Солнечный» кентiнде жеке тұрғын үй құрылысын жүзеге асыру арқылы баспанаға қол жеткiзе алады. Жергiлiктi атқару органдарының кезегiнде тұрғандар тұрғын үй құрылыс жинағы жүйесi арқылы үй сатып алуына болады.

Жаңа үйлер Петропавлда ғана салынып жатқан жоқ. Айыртау, Ғ. Мүсiрепов атындағы, Есiл, Жамбыл аудандарында 193 пәтерлiк тұрғын үйлердiң құрылысы жүргiзiлуде.

Облыс орталығына кiреберiс ауқымды жаңғыртудан өтуде.

«Жамбыл көшесiнде 500-ден астам нысан бұзылады. Олардың орнына жаңа тұрғын үйлер, әмбебап теннис орталығы, театр, IТ-орталығы бар Оқушылар сарайы бой түзейдi. «Жас өркен» щағынауданын жаппай салу кезiнде аумағы 140 мың шаршы метр болатын 2045 пәтерлiк 7 тұрғын үй кешенi тұрғызылады», — дедi өңiр басшысы.

Келелi әңгiме барысында Құмар Ақсақлов денсаулық сақтау, бiлiм беру, спорт, жұмыспен қамту және көрскейту салаларын дамытудың негiзгi көрсеткiштерi жайлы да сөз қозғады.

«Менiң жұмысымның басты қағидасы — ашықтық пен мөлдiрлiк. Қазiргi ақпараттық технологиялар ғасырында адамдарды мемлекеттiк органдардың ашықтығы, ақпараттың Ғаламтор арқылы таралуы толғандырады. Бiрiншi кезекте, ол — мемлекеттiк сатып алу, бюджеттiң бөлiнуi. Ол ақпарат жергiлiктi атқарушы органдардың ресми интернет-ресурстарында толық көлемде берiлуi тиiс. Бiздiң әкiмдiктердiң сайттарына өзiм мониторинг жүргiзiп, жекелеген ескерiлмеген жайттарды табамын. Бiз барынша ашық және қолжетiмдi болсақ, жасырынбай, барлық сауалдарға нақты және түсiнiктi жауап берсек, адамдарда көңiлiн күптi қылған мәселелер азаяды. Тұрғындармен керi байланыс жасау мен үшiн маңызды, ол бiздiң iс-әрекетiмiздi сараптауға және өзектi мәселелерiмiздi анықтауға көмектеседi», — дедi Құмар Ақсақалов.