СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов полиция қызметкерлерiне арналған жатақхананың ашылуына қатысты

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов полиция қызметкерлерiне арналған жатақхананың ашылуына қатысты

Қазақстан полициясының 25 жылдық мерейтойы қарсаңында 50-ден астам солтүстiкқазақстандық полиция қызметкерi қоныс тойын тойлайды. Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi полиция қызметкерлерiне арналған жатақхананың ашылуына қатысты. Облыс әкiмi iшкi iстер органдары қызметкерлерiне азаматтардың қауiпсiздiгi, тыныштығын сақтау бағытында қызмет ететiнiн атап өттi.

«Жылдан жылға қылмыстардың, құқық бұзушылықтардың саны азайып, қылмыстың ашылу саны артуда. Бұның бәрi сiздердiң еңбектерiңiздiң арқасында. Мереке қарсаңында 41 қызметкердiң тұрғын-үй мәселесiн жақсартып отырмыз. Бұдан басқа 11 полиция қызметкерi «Береке» ықшамауданынан жаңа пәтерге ие болады», — дедi Құмар Ақсақалов.

Өңiр басшысы Құмар Ақсақалов қалалық IIБ мен Солтүстiк Қазақстан облысының IIД қызметкерлерiне қызметтiк баспананың кiлттерiн табыстады.

Тағы 11 полиция қызметкерi «Тұрғынүйжинақбанкiнен» жеңiлдетiлген несие арқылы пәтер алды. Сондай-ақ, облыс әкiмi байқау нәтижесi бойынша «Үздiк маман» атанған IIД 2 қызметкерiне қызметтiк көлiктiң кiлтiн табыстады.

Өңiр басшысы Құмар Ақсақалов пен СҚО IIД басшысы Берiк Бiләлов жаңа қоныс иеленушiлерiн құттықтады. Бұнда 80-нен астам қызметкер мен олардың отбасы мүшелерi көшiп келедi.

Кейiн өңiр басшысы Петропавл қаласының IIБ мұражайы мен аллеясына барды.

Мұнда 200-ден астам экспонат жиналған.

СҚО IIД басшысы бастығы генерал-майор Берiк Бiләлов облыс әкiмi Құмар Ақсақаловқа жол патрульдiк қызметте әйелдер бөлiмi ашылғанын атап өттi. Арнайы оқудан өткен соң, жергiлiктi полиция қызметiнiң штатынан 10 қызметкер қызметке келдi.

Өңiр басшысы жаңа енгiзулер жол жүру қатысушыларының тәртiбiне оң әсер ететiнiне сенiмдiлiгiн бiлдiрдi.