
Спорт сарайында кәсiби мерекесiне орай мемлекеттiк қызметкерлер кү арасында спартакиада өттi. Iс-шараны Солтүстiк Қазақстан облысның әкiмi Құмар Ақсақалов ашты. Өңiр басшысы мемлекеттiк қызметкерлердi мерекемен құттықтап, осы жарыс жоғары дәрежеде өтуi керектiгiн атап өттi.
«Билiкке деген сенiм қазiргi қоғамның талаптарына сай мемлекеттiк қызметшiден басталады. Елiмiздiң қарқынды дамуы Сiздердiң кәсiби қызметтерiңiзге, бiлiктiлiктерiңiзге, тәжiрибелерiңiзге тiкелей байланысты. Сiздерге халыққа қызмет ету, мемлекеттiк бағдарламаларды жүзеге асыру, елдiң жағдайын жасау сияқты жауапкершiлiгi мол мiндет жүктелген. Осы талап биiгiнен көрiну керек. «Мемлекеттiк қызметшi» деген атақты абыроймен ұстаңыздар», — дедi Құмар Ақсақалов.
Мереке қарсаңында ұзақ жылғы адал еңбегi үшiн «Үздiк мемлекеттiк қызметкер» наградасы Виктор Бестик, Гүлнар Имағанбетова, Галина Стороженко мен Ольга Синяковаға табысталды. Сондай-ақ, мемлекеттiк қызметтiң тиiмдiлiгiн арттыруға зор үлес қосқаны үшiн облыс әкiмiнiң грамотасымен 8 адам марапатталды.
Өз әрiптестерi мен спартакиада қатысушыларына Шал ақын ауданының әкiмi Ербол Сағдиев, Ғ. Мүсiрепов атындағы аудан мен Жамбыл ауданының қызметкерлерi ән сыйлады.
Спартакиада үш күн жалғасады. Облыс бойынша 40 команда, 1000 жуық мемлекеттiк қызметкер мини футбол, волейбол, үстел теннисы, жеңiл атлетика бойынша қатысады. Петропавлда мұндай ауқымдағы iс-шара бiрiншi рет өткiзiлiп отыр.
Өңiр басшысы Құмар Ақсақалов волейбол және теннис бойынша СҚО әкiмi аппараты құрамынан қатысты.