Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiмен келiсу және аудандық мәслихаттың келiсiм беруi бойынша, Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Iргебайұлы Ақсақаловтың өкiмiмен Ербол Болатұлы Сағдиев Тимирязев ауданының әкiмi болып тағайындалды.
Ербол Сағдиев 1961 жылы Солтүстiк Қазақстан облысының Есiл ауданындағы Өндiрiс ауылында туған. Алматы зооветеринарлық институтын зоотехник, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiн құрылыс бакалавры және ауыл шаруашылығы бакалавры мамандықтары бойынша тамамдаған.
Еңбек жолын 1983 жылы Қостанай мемлекеттiк облыстық ауыл шаруашылығы тәжiрибе станциясында зоотехник болып бастаған.
1988-1992 жылдары Көкшетау облысының Көкшетау ауданындағы СОКП ХХIУ съезi атындағы кеңшардың директоры болды.
1992-2003 жылдары коммерциялық кәсiпорындарға жетекшiлiк еттi.
2003-2015 жылдары Ақмола облысындағы Зерендi, Атбасар,Сандықтау аудандарының әкiмi қызметтерiн атқарды.
2015 жылғы мамыр айынан осы тағайындауға дейiн Шал ақын ауданының әкiмi болды.