Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiмен келiсу және аудандық мәслихаттың келiсiм беруi бойынша, Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Iргебайұлы Ақсақаловтың өкiмiмен Нұрлан Орынбасарұлы Есiмов Шал ақын ауданы әкiмi болып тағайындалды.
Нұрлан Есiмов 1983 жылы Жамбыл облысының Тараз қаласында туған.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетiн тамамдаған. «Болашақ» бағдарламасының түлегi, Ұлыбританиядағы Данди университетiн тамамдаған.
Еңбек жолын 2005 жылы «Темiржолжылу» акционерлiк қоғамында нормативтiк-құқықтық бөлiмнiң жетекшi маманы болып бастаған.
Әр жылдары Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы материалдық-техникалық қамсыздандыру басқармасында заңгер, «Әскерилендiрiлген темiржол күзетi» АҚ-ның мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру бөлiмiнiң бас маманы, Көкшетау қаласы прокурорының көмекшiсi, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Мемлекеттiң мүлiктiк құқығын қорғау жөнiндегi департаментiнiң бас сарапшысы қызметтерiн атқарған.
2015 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Инвестициялар жөнiндегi комитетiнiң заң басқармасын басқарды.
2016 жылы Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттiк бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлiмiнiң инспекторы болып тағайындалды.
2016 жылдың сәуiр айынан осы күнге дейiн Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттiк бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлiмiнiң мемлекеттiк инспекторы қызметiн атқарды.