Тамара Дүйсенова Еңбек және әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Ашық есiк күнiнiң қорытындысын шығарды

Тамара Дүйсенова Еңбек және әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Ашық есiк күнiнiң қорытындысын шығарды

Солтүстiк Қазақстан облысында 28 маусымнан 1 шiлдеге дейiн алғаш рет Еңбек және әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Ашық есiк күнi өттi. Облыстық әкiмдiкте өңiр басшысы Құмар Ақсақалов пен Еңбек және әлеуметтiк қорғау министрi Тамара Дүйсеновамен өткен кездесуде аталмыш жұмыстың қорытындысы шығарылды.

Кеңеске аудандар мен Петропавл қаласының әкiмдерi, мемлекеттiк мекемелердiң, кәсiпкерлiк палатасының басшылары, жұмыс берушiлер, қаржылық институттар, Құнарлы жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасына қатысушылар қатысты.

Кеңестi ашқан Құмар Ақсақалов аудандарда болған кезде ауыл тұрғындарымен, кәсiпкерлермен және жұмыс берушiлермен қалыптасқан жағдайға сараптама жасалғанын, өйткенi әлеуметтiк салада көптеген өзгерiс болып жатқандығын атап айтты

Өз кезегiнде Тамара Дүйсенова тек аудандар мен облыстың жұмыспен қамту орталықтарында ғана емес, жергiлiктi атқарушы органдармен жүзеге асырылатын мiндеттер мен басты бағыттар жайлы сөз қозғады.

«Басты мiндет — тұрғындармен жұмыс iстеу, ауылдық оқрутердiң, қалалардың, аудандардың тұрғындарымен кездесу, Бiзде басталған реформаларды оларға түсiндiру керек. Мысалы, бүгiнгi күннiң медициналық сақтандыру жүйесiн, 2018 жылы 1 қаңтарда басталатын реформаларды. Бүгiн 20 пайызға көтерген зейнетақы мен бала туғаны үшiн бiрмезет берiлетiн жәрдемақы берудi бастағанымызды атап айту керек», — дедi Тамара Дүйсенова.

Сол сияқты Тамара Дүйсенова «2017–2020 жылдарға арналған Құнарлы жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасын» жүзеге асыруға назар аударды.

«Бұл бағдарламаның «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасынан айырмашылығы бар. Сол кезде бiз жұмыссыздар көбеймес үшiн антидағдарысқа қатысты шаралармен көп жұмыс iстедiк. Қазiр бiз еңбектену, немесе кредит алу және өз iсiн ашу үшiн азаматтарға тегiн бiрiншi кәсiп беру үшiн жұмыс iстеймiз.», — дедi министр.

Тамара Дүйсенова бұд бағытта Солтүстiк Қазақстан облысында тиiмдi жұмыс жүргiзiлiп жатқандығын атап айтты. Сонымен бiрге министр жұмысы аз өңiрлерден қазақстандықтарды көшiру бағдарламасы жайлы айтып бердi. Оның айтуына қарағанда, республикада жұмысқа орналастыру өсiмi жоғары 4 облыс анықталған.

«Тұтастай алғанда 4 өңiрге 88 отбасы көшiп келдi. Оның 75-i Солтүстiк Қазақстан облысына қоныс аударды. Бiрiншi кезекте байқағанымыз — оларға тұрғын үй берiлген, екiншiден жұмыспен қамтамасыз етiлген. Бейiмделу үшiн республикалық бюджеттен қаражат бөлiнген», — дедi Тамара Дүйсенова

Кездесудiң соңында Құмар Ақсақалов Солтүстiк Қазақстан облысында өткiзiлген Еңбек және әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Ашық есiк күнi аясында жемiстi жұмыс iстеген ведомство қызметкерлерiне ризашылығын бiлдiрдi.