Тағайындау

Тағайындау

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Iргебайұлы Ақсақаловтың өкiмiмен Солтүстiк Қазақстан облыстық бiлiм басқармасының басшысы болып Гүлмира Райынбекқызы Кәрiмова тағайындалды.

Гүлмира Райынбекқызы Петропавл педагогикалық институтын, Көкшетау университетiн бастауыш сынып мұғалiмi, қаржы бакалавры мамандықтары бойынша тамамдаған.

Еңбек жолын 1998 жылы Петропавл қаласындағы «Қалалық классикалық гимназия» ММ-де бастауыш сынып мұғалiмi қызметiнен бастаған.

2001 жылдан 2002 жылға дейiн Петропавл қаласындағы «№20 орта мектеп» ММ-де бастауыш сынып мұғалiмi болып жұмыс iстеген.

2002-2006 жылдар аралығында «Әл-Фараби мектеп-лицейi» ММ-де бастауыш сынып мұғалiмi.

2006-2010 жылдары «Әл-Фараби мектеп-лицейi» ММ-де директордың ғылыми жұмыстар жөнiндегi орынбасары болды.

2010 жылдың ақпан–наурыз айларында — «Әл-Фараби мектеп-лицейi» ММ-i директорының мiндетiн атқарды.

2010 жылдан 2013 жылға дейiн «№17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенi» КММ-де директор болды.

2013 жылдың наурыз айынан қыркүйекке дейiн — «Петропавл қалалық бiлiм бөлiмi» ММ-i басшысының мiндетiн атқарушы болды.

2013 жылдың қыркүйегiнен осы тағайындауға дейiн «Петропавл қалалық бiлiм бөлiмi» ММ-ннiңнiң басшысы қызметiн атқарды.