Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң жаңа орынбасары тағайындалды

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң жаңа орынбасары тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң келiсiмiне орай облыс әкiмiнiң өкiмiмен Жандарбек Дәурен Жандарбекұлы Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң индустриялық-инновациялық даму, инвестициялар тарту, кәсiпкерлiк және туризм бойынша орынбасары болып тағайындалды.

Дәурен Жандарбекұлы 1981жылы Жамбыл облысының Шу ауданындағы Ленин ауылында туған. М.Х.Дулати атындағы Қазақ экономика университетiн, Қазақстан Республикасы Президентi жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясын экономист, заңгер, саясаттану мамандықтары бойынша бiтiрген. Дәурен Жандарбек әлеуметтiк бiлiм магистрi, қазақ, орыс, ағылшын және түрiк тiлдерiн меңгерген

Еңбек жолын 2004 жылы Алматы қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және және бәсекелестiктi қорғау агенттiгi департаментiнiң Бәсекелестiктi қорғау және дамыту бөлiмiнiң жетекшi маманы болып бастады.

2005 жылдан 2015 жылға дейiн бөлiмнiң жетекшi маманынан Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және және бәсекелестiктi қорғау агенттiгi департаментiнiң басшысына дейiнгi жолдан өттi.

2015-2016 жылдары — Еуразия экономикалық комиссиясында мемлекеттiк сатып алу саласында саясат бәсекелестiгi және саясат департаментi директорының орынбасары қызметiн атқарды.

2016 жылдан осы тағайындауға дейiн Еуразия экономикалық комиссиясында мемлекеттiк сатып алу саласында саясат бәсекелестiгi және саясат департаментi директоры болып еңбек еттi.

Облыс әкiмi Құмар Ақсақалов Дәурен Жандарбекке жаңа қызметiнде жетiстiк тiлеп, өңiрде жеке инвестицияны тарту және көбейту бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды.

«Бiздiң мол инвестициялық мүмкiндiгiмiз бар. Әсiресе Ресей Федерациясымен және Қытаймен бiрлесе iс-әрекет етуге ерекше көңiл аудару керек. Сонымен бiрге тоқтап тұрған кәсiпорындар қызметiн жандандыру бойынша жұмысты күшейту қажет. Өнеркәсiптiң негiзгi салалары жұмысын қолға алу керек. Оның iшiнде — ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды. Әрбiр ауданда индустриялық-инновациялық жобалар болуға тиiс», — дедi Құмар Ақсақалов.