
Петропавлда Астана күнiн мерекелеуге арналған «Жайнай бер, жарқырай бер, жас Астана» атты салтанатты шара өттi.
Жиналғандарды Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов құттықтады.
«Әрбiреуiмiз үшiн Астана — гүлдену мен жасампаздықтың символы. Ол жаңа Қазақстанды құруға барлық елiмiздiң тұрғындарын жұмылдырды.1999 жылдан бастап Астана ЮНЕСКО шешiмi бойынша «Бейбiтшiлiк қаласы» атағын алды. 2000 жылы елiмiздiң бас қаласы Халықаралық Ассамблеялар астанасы және iрi қалалар мүшесi болды. Астана — Бiздiң Елбасымыз Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың бүгiн жүзеге асырған ауқымды жобасы», — дедi облыс әкiмi Құмар Ақсақалов.
Құттықтау сөзi кезiнде, өңiр басшысы Асатанда «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесiнiң өткiзiлуi маңызды рөл атқаратындығын атап айтты.
«Үстiмiздегi жылы «ЭКСПО-2017» шарасын өткiзу ерекше маңызды оқиға болып отыр. Бұл — бiздiң Астанамызды осындай деңгейде лайықты шара өткiзе алатын жоғары дамыған орталық ретiнде тану болып табылады», — дедi облыс әкiмi.
Өз сөзiнiң соңында Құмар Ақсақалов солтүстiкқазақстандықтарға мықты денсаулық, амандық-саулық және елiмiздiң гүлденуiн тiледi.
Шара барысында, ҚР Президентi Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығына сәйкес мемлекетiмiздiң қалыптасуына, егемендiгiмiздi нығайтуға және әлеуметтiк-экономикалық дамуға қосқан үлесi үшiн 17 солтүстiкқазақстандық «Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгiне 25 жыл» медалiмен марапатталды.
Ұлттық бiрлiктi, бейбiтшiлiк пен келiсiмдi, рухани мәдениеттi сақтауға және дамытуға қосқан қомақты үлесi үшiн «Қазақстан корейлерi қауымдастығы»ҚБ филиалының төрағасы Евгений Ханға «Бiрлiк» алтын меделi табыс етiлдi.
Н. Погодин атындағы орыс драма театрының режиссерi Виктор Шалаев, осы театрдың әртiсi, Қазақстанның еңбек сiңiрген әртiсi Надежда Косыгина, осы театрдың әртiсi Людмила Ванюкова «Мәдениет пен өнердi дамытуға қосқан үлесi үшiн» төсбелгiсiмен, футболдан Балалар мен жасөспiрiмдердiң спорт мектебiнiң әдiскер-нұсқаушысы Александр Новичков «Дене тәрбиесi, спорт пен туризмдi дамытуға қосқан үлесi үшiн» белгiсiне ие болды. Өңiрдiң 13 тұрғынына СҚО әкiмi атынан Құрмет грамотасы мен Алғыс хат берiлдi.
Салтанатты шара Солтүстiк Қазақстан облысының шығармашылық ұжымы әзiрлеген мерекелiк концертпен жалғасты.