Құмар Ақсақалов: «Экспо — бiздiң елiмiздiң мақтанышы»

Құмар Ақсақалов: «Экспо — бiздiң елiмiздiң мақтанышы»

Облыс әкiмi Құмар Ақсақалов 1500-ден астам солтүстiкқазақстандықпен бiрге «Экспо-2017» халықаралық көрмесiнде болды.

Астана күнiн мерекелеуге байланысты Астана қаласы әкiмдiгiнiң шақыруы бойынша Облыс әкiмi Құмар Ақсақалов 1500-ден астам солтүстiкқазақстандықпен бiрге «Экспо-2017» халықаралық көрмесiн тамашалады.

Алғашқы болған нысан — «Нұр-Әлем» павильоны: диаметрi 90 метрлiк шар үлгiсiндегi сәлеткерлiк сегiзқабатты ғимараттың әлемде теңдесi жоқ. Сфера айналасына халықаралық павильондар қойылған 14 нысан орналасқан. «Нұр-Әлем»-нiң тақырыптық тұжырымдамасы болашақтың энергия мұражайы ретiнде берiлген, сегiз деңгейден тұрады.

Барлық көрерменнiң саяхаты 8-қабаттан басталды, онда «Астана-2050» экспозицмясы орналасқан. Онда қонақтар Астана 2050 жылы қандай болатындығын көрдi. Сегiзiншi қабатқа көтерiлген солтүстiкқазақстандықтар ондағы экспозициялар мен астананың көрiнiсiне таң-тамаша қалды.

«Қаншама сезiмге бөленесiң, барлығы шабыттандырады, қарай бергiң, көре бергiң келедi. Бiздiң президентiмiз өз халқына осындай көрме ұйымдастырғанына риза боласың. Жәрмеңкеге 115 мемлекет қатысуда, оның бәрiн бiр күнде аралап шығу мүмкiн емес», — деп өз ойымен бөлiстi Тайынша аудандық ардагерлер кеңесiнiң төрайымы Нина Попова.

Жетiншi қабаттағы «Ғарыш энергиясы» павильоны ғарыштан өндiрiлетiн энергияның ғылыми идеясын көрсетедi. Аумақта орналасқан ғарыш корабльдерiнiң үлгiлерi мен экспонаттары мол әсерге бөлейдi, үлкендердi ғана емес, балаларды да таңғалдырады.

«Маған өте ұнады, мүнда өте қызық екен. Ғарыш туралы әңгiмелейдi. Бәрiнен бұрын ғарыш туралы айтқандары ұнады, менi жер шары, күн, жұлдыздар, косманавтика қызықтырады»,-дедi жәрмеңкеге келген Мария Дудова.

Алтыншы қабат күн энергиясына арналған. Бесiншi қабатта «Жел энергиясы», онда табиғи тылсымның әртүрлi жылдамдықтарын сезiнесiң. Төотiншi қабатта жасыл көрiнiспен «Биомасса энергиясы» орналасқан. Үшiншi аймақ кинетикалық энергияға арналған. Екiншi қабаттағы «Су энергиясы» судан алынатын қуатты көрсетедi. Бес мың шаршы метрлiк бiрiншi қабатта «Ұоттық павильон» орналасыпты. Ол екi аймаққа — Қазақстанды таныстыру мен «Жасампаз энергияға» бөлiнген. Бiрiншi аймақта жәдiгерлер арқылы елiмiздiң табиғаты, мәдениетi мен тарихы баяндалады. Ао екiншi отандық ғалымдардың 28 жобасы мен қазақстандық «Токамак» термоядролық реактордың үлгiсiн паш етедi.

Көргенi мен алған әсерi жайлы облыс әкiмi Құмар Ақсақалов ой бөлiстi.

«Экспо» көрмесiн аралай жүрiп мол әсерге бөленесiң. Бiздiң елiмiз үшiн мақтаныш сезiмi билейдi. Мемлекет басшысы, бiздiң елiмiздiң президентi алға қойған барлық жоспар жүзеге асырылған, сондықтан бiздiң елiмiзбен және президентiмiзбен мақтанамыз», — дедi Құмар Ақсақалов.