Қазакстан-Қытай форумы аясында Солтүстiк Қазақстан облысы мен «Ишэбэй» Шаньси ғылыми-техникалық корпорациясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
«Экспо-2017» халықаралық жәрмеңкесi аумағында Қытай Халық Республикасы павильонында Шаньси провинциясының ресми аймағының ашылуы
болды. Ол рәсiмге Солтүстiк Қазақстан облысының өкiлдерi де қатысты.
«Бiздiң облысымыздың экономикасын дамыту үшiн Қытайдың 40-тан астам ұқсату кәсiпорындарын тартқымыз келедi. Сол сияқты ұқсату саласындағы ынтымақтастыққа машина жасаушылардың да шақыруын күтудемiз. Ол қосымша инвестициялар тартып, Қытаймен сауда жасауға жақсы ықпал етедi, тауар айналымын көбейтедi және қосымша жұмыс орындарын ашады»,- дедi облыс әкiмiнiң орынбасары Дәурен Жандарбек.
Шаньси провинциясының аймағы ашылғаннан кейiн Пекин-Палас қонақүйiнде iрi корпорациялардың өкiлдерiнiң қатысуымен Қазақстан-Қытай форумы өттi. Солардың бiрi — шаньсилiк «Луань» тау-кен корпорациясы. Ол — провинцияның бес iрi өндiрiс орнының бiрi болып табылады. Көмiр қазбасын қабылдайтын энергетикалық және химиялық корпорацияның жылдық айналымы 20 000 000 000 юаньды құрайды.Ол дүниежүзiндегi осы саладағы 500 iрi компанияның iшiнде 370-орынды иеленедi.
«Астанадағы «Экспо-2017» көрмесiн пайдалана отырып, Қазақстанға өз технологиямызды және өз өнiмiмiздi өткiзу үшiн құрал-жабдықтарымызды әкелгiмiз келедi. Осында Солтүстiк Қазақстан облысының өкiлдерiмен кездесiп, әңгiмелестiк және әрi қарай ынтымақтастық орнатуға ниетiмiз бар. Қытай мен Қазақстан тараптарының қолдауымен өзара тиiмдi осы салада ынтымақтастықты дамытқымыз келедi», — дедi «Луань» компаниясының атқарушы директоры Лю Цзюнь.
Шаньсидiң «Ишэбэй» ғылыми-техникалық корпорациясы да ынтымақтастық туралы еске салды, ол экологиялық, энергия үнемдеу, аз көмiрқышқылды патенттi техникаларға маманданған. Компания өкiлдерi өз кәсiпорны мен өндiрiсi туралы бейнетаспаны көрсеттi.
Форумның соңында Солтүстiк Қазақстан облысы мен «Ишэбэй» Шаньси ғылыми-техникалық корпорациясы арасында өзара тиiмдi ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.