Астанадағы «Қазақстан» спорт сарайының автотұарқ аумағында «ЭКСПО-2017» көрмесi аясында Солтүстiк Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауарлары жәрмеңкесi өттi. Онда Астана қаласының әкiмi Әсет Исекешев пен СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов болды.
Астана күнi мен «ЭКСПО-2017» халықаралық жәрмеңкесiне орай Алматы, Атырау және Солтүстiк Қазақстан облыстары ауыл шаруашылығы жәрмеңкесiн өткiздi. СҚО Астана тұрғындары мен қонақтарына сомасы 263 млн. теңгеден асатын 500 тонна ауыл шаруашылығы тауарларын ұсынды. Саудағы облыс орталығы мен өңiрдiң 115 ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер мен ұқсату кәсiпорындары қатысты. Өнiм түрлерi 100 атаудан астам болды.
«Бiз еттiң мол түрiн ұсындық: 35 тоннадан астам сиыр етi, жылқы етi, қой етi, құс етi, шошқа етi, көкөнiстер мен сүт өнiмдерi. Бiздiң өнiмдерiмiз экологиялық жағынан таза, сондықтан тұтынушылар тарапынан мол сұранысқа ие», — дейдi СҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Омаров.
Қонақтарды тәттi тағамдармен де қуантты. «Vizavi» ЖШС өкiлдерi қала тұрғындарына 1 тоннадай печенье әкелдi. Компания СҚО-дағы жәрмеңкеге ғана емес, Ресей өңiрлерiндегi шараларға да қатысады.
«Астанада өнiмдерiмiз тез өтедi, адамдар жақсы сатып алады. Өнiмдерiмiз мейiз, қара өрiк, мак, лимон сияқты табиғи қоспалардан ғана жасалады», — дейдi «Vizavi» ЖШС компаниясының қкiлi Оксана Гладких.
Жәрмеңкеге қойылған өнiмдермен Астана қаласының әкiмi Әсет Исекешев пен СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов танысты. Астана тұрғындары жәрмеңкеден алған әсерлерiмен бөлiстi.
«Жәрмеңкеге тұрақты түрде келемiн. СҚО келетiндiгiн сәрсенбi күнi естiдiм. Солтүстiк Қазақстанның тауарлары маған ұнайды, өйткенi сапасы жақсы, бағасы қолжетiмдi. Сүт өнiмдерi де ұнайды, әсiресе сыр, iрiмшiк, сүт», — дейдi жәрмеңкеге келген қала тұрғыны.
Жәрмеңкеге келген Астана тұрғындары мен қонақтары Солтүстiк Қазақстан облысының шығармашылық ұжымдары әзiрлеген мазмұнды мәдени шараны да тамашалады. Сөйтiп сауда нағыз мерекеге, ән мен биге ұласты.